13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter
20 қараша күні елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өткен болатын. Бұған өңір тұрғындары жоғары дейңгейде белсенділік танытып қатысты. Соның ішінде облыстың мәдениет майталмандары мен Облыстық мәдениет басқармасы басшысы Әзімхан Қойлыбаев бастаған осы саланың қызметкерлері де еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауға келіп, өз таңдауын жасап, жастарға үлгі болды.
Еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды саяси науқанда әрбір қазақстандықтың даусы маңызды! Осыны ескере отырып, облысқа қарасты барлық аудан-қалалар мен елдімекендердегі сайлау учаскесінде мәдениет үйлерінің өнерпаздары өнер көрсетіп, сайлауға келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
Мәдениет саласы қоғамның әрбір саласымен тығыз байланысты екені белгілі. Осындай науқанда облыс өнерпаздарының атсалысу да заңды. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер айтпаған. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Сайлау кешке дейін жалғасатын болады. Әлі де келушілер қатары көп. Соңғы деректерге сүйенсек, Түркістан облысының тұрғындары Президент сайлауында белсенділік танытуда. Түскі сағат 16.00-ге дейін облыстағы сайлаушылардың 80,15 пайызы сайлау учаскелеріне барып, таңдау жасап үлгерген. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәлімдеуінше, бұл әзірге республикадағы ең үздік көрсеткіш.
Тағы бір ерекшелігі, облыстағы дауыс беру процесі ерекше форматта өтіп жатыр. Атап айтар болсақ, кітап көрмесі мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өнерпаздар ән шырқауда. Дарынды жастардан құралған оркестр мен мың бұралған бишілер де өнер көрсетуде. Ал ақсақалдар қауы мен ақ жаулықты әжелер дауыс беру арқылы да өнеге көрсетіп, көш бастап тұр.
Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post

Впервые в Шымкенте провели трансплантацию печени от трупного донора

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі