13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

20 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Әлем бойынша қол күрес спортынан ең мықты «Шардара Армспорт» клубының спортшысы, әлемнің екі дүркін чемпионы Мағжан Шамиев өз таңдауын жасады.

Айта кетсек, ең алғаш рет 2001 жылдың 9-ақпан күні ауданымыздан қол күрестен облыс чемпионатына 12 спортшыдан тұратын құрама барған болатын. Міне дәл осы 9 ақпан «Шардара Армспорт» клубының күні болып белгіленген. Осы сәттен бастап, Шардара қол күресі даңғыл жолға қадам басты. Бүгінгі күні клубтың негізін қалаушы Арман Қарсыбаевтың қажырлы еңбегі мен темірдей тәртібінің арқасында «Шардара Армспорт» дүниежүзі бойынша ең мықты клубқа айналып отыр.

Қазіргі таңда «Шардара Армспорт» клубында 500-ден астам спортшы тұрақты түрде жаттығады. Мұнда қол күреспен қатар гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, семсерлесу, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг сынды бірқатар спорт үйірмелері жұмыс істейді. Клубта 8 жастан бастап, ақысыз түрде кез келген адам спортпен айналыса алады. Сондай-ақ, мұнда жаттығатын балалар үшін тасмалдаушы автобустар қарастырылған.

Қазірге дейін, қол күресінен «Шардара Армспорт» клубынан:
102 — Әлем чемпионы;
99 — Әлем чемпионатының жүлдегері;
26 — Әлем кубогының иегері;
209 — Азия чемпионы;
50 — Азия кубогының иегері;
500 — Қазақстан чемпионы;
85 — спортшы Халықаралық турнирлердің жеңімпазы;
68 — Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 124 — Қазақстан Республикасының спорт шебері шыққан.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫНДА

Next Post

Түркістан: Жылыжай жобалары Сарыағаш ауданында қарқынды түрде дамуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі