Созақ ауданы еске түскенде ауыл дамуға бет алған шаруашылығы еріксіз еске оралады. Мәселен осы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 17 млрд. 638 млн теңге болып, өткен 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 61 млн теңгеге артқан. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 378,3 млн теңге инвестиция тартылған.
Аудан бойынша былтыр 13 210 га егістік жер игеру тапсырмасы берілсе, 13912 га алқапқа егіс егілген. Оның ішінде: 460 га бидай, 1609 га арпа, 1129 га мақсары, 882 га жүгері, 505 га картоп, 490 га көкөніс, 481 га бақша, 8356 мал азық дақылдары.Көктемгі дала жұмыстарына 325 тонна жанар-жағар май 158 теңгеден жеңілдікпен бөлініп, 66,9 тоннасы алынған.Күзгі дала жұмыстарына 455 тонна жанар-жағар май 171-189 теңге аралығында жеңілдікпен бөлініп, 114,6 тоннасы алынды.
Сондай-ақ, егіс көлемін арттыру мақсатында Cозақ ауыл округіндегі «Суындық» каналын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 143 млн.теңге қаржы бөлініп, 3704 лоток ауыстырылып, 13 шлюз қойылып, пайдалануға берілді.
Шолаққорған, Созақ, Жуантөбе, Жартытөбе ауылдық округтері мен Таукент кент әкімдігіндегі шаруалар 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.Аудандағы барлық санатта 37123 бас мүйізді ірі қара, 256353 бас қой-ешкі, 24684 бас жылқы, 13452 бас түйе, 32594 бас құс өсірілуде. 2020 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 102,2 пайызға (36315 бас), қой-ешкі 100 пайызға (256248 бас), жылқы 109,3 пайызға (22583 бас) өссе, түйе 13650 бас, құстар 32 780 басты құрады.
Сондай-ақ, 11305,2 т ет (сойыс салмақта), 15193 т сүт, 2020 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,3 пайызға, сүт 101,5 пайызға орындалды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту мақсатында барлығы 40 бас асыл тұқымды бұқалар сатып әкелініп, 2743 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.
Қарақұр ауыл округінен жеке кәсіпкер Жасұлан Омарбек 70 млн.теңге өз қаржысына Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен 250 бас «Калмык» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып алды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1700 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, азаматтардың өз қаражаты есебінен 885 бас түйе аналығы және қойдың 1230 аналық басы несиелендіру жолымен сатып алынды.
Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін 780 млн.теңгеге несиелендіру жоспары берілсе, қаржы ұйымдары арқылы 1 млрд. 144,9 млн.теңге несие алып, жоспар 147 пайызға орындалды.
Келесі салмақты сала кәсіпкерлік. Осы бойынша аудан көлемінде 405 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 362-ге жетті.
Жобаларды қаржыландыру бойынша «Ырыс» МКҰ арқылы 25 жобаға жалпы сомасы 90,9 млн. теңге;
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы арқылы 57 жобаға 204,3 млн. теңге; «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ТО бойынша филиалы арқылы жалпы сомасы 8 жобаға 64,0 млн. теңге, барлығы 65 жобаға 268,3 млн. теңге несие берілді. Кәсіпкерлік қызметке баулу, микрокредит алуға қол жетімділікті арттыру мақсатында «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 180 адам оқытылып, 174 адам сертификаттарын қорғады. Оның ішінде 70 адам 653 млн.теңге грант иегері атанды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1 жобаға («Дархан-Ас» ӨК) жалпы сомасы 22 млн. теңге несие берілді.