13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР ТҮЗЕТІЛДІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР ТҮЗЕТІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Әсіларық ауылындағы №49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің қысқы маусымындағы жылу жүйесіне қатысты сыни ақпарат түсіріліп, желіге жұктелген болатын.
Сыни ақпарат назарға алына отырып, жылу жүйесін реттеу мақсатында бірқатар жұмыс атқарылған.
Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің берген мәліметіне қарағанда, аталған мектеп 2009 жылы мердігер мекеме «Югстойсервис-Н» ЖШС-і пайдалануға берілген. Құрылыстың құны 371 874,71 мың теңге құраған. Жобалық қуаты 300 орындыққа арналған.

Қазіргі таңда 14 сынып кабинетінде 499 оқушы екі ауысымда білім алуда. Мектептің ғимараттарына техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, мектептің кейбір бөліктері, атап айтқанда асхана, спорт залының киім ауыстыратын бөлмесі, мектептің А және Б-блоктары қауіпті деп танылған. Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет екендігі көрсетілген. Оқуға жарамды 9 сынып бөлмесі ғана пайдаланылуда.

Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «EXPERT-80» ЖШС-і тарапынан техникалық қорытынды дайындалған. Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.

Бас жобалаушы — «УЛМАД» ЖШС-і. Күрделі жөндеудің сметалық құны 675383,0 мың теңгені құрайды.
Осы жоғарыда мектеп ішіндегі әжетханалардың құбырларын талапқа сәйкестендіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының ішіне енгізілген.
Облыс бюджетінен қаржы мәселесі қолдау тапқан соң, мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарлануда.

Қазіргі таңда мектептің жылыту жүйесі бойынша бір қазандық жұмыс жасауда.
Қосымша қатты отынға арналған қазандық орнату үшін 12 250,0 мың теңгеге сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сатып алу порталында мердігер анықтауға конкурс жарияланған.
Конкурс нәтижесімен жеңімпаз мердігер анықталған соң, алдағы уақытта мектептің жылу жүйесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Previous Post

Жетісай: Ұлттық мерекеге орай автошеру өтті

Next Post

ТӨЛЕБИДЕ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі