13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай: Ұлттық мерекеге орай автошеру өтті

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жетісай: Ұлттық мерекеге орай автошеру өтті
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Жетісай ауданындағы Рәміздер аллеясында «25 қазан – Республика күні» ұлттық мереке аясында салтанатты іс-шара болып өтті.

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжарқын Егембердіқызы Нөкерәулеті мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаев бастаған белсенді жастар, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Бауыржан Кеттебеков пен аудандық Жетісай Аудандық Мәдениет Үйінің директоры Перизат Тәжібаева, мектеп оқушылары мен аудан өнерпаздары қатысты. Шара барысында қатысушыларға «Республика күні» мерекесінің мән-маңызы түсіндіріліп, қол жеткізген жетістіктер дәріптелді.

«Тарих парақтарымен салмақтағанда қас-қағым сәт болғанымен жеткен жетістіктеріміз ғасырға татырлық. Әлемдік ареналар мен спорттық олимпиадаларда көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалуда. Бұл Тәуелсіз жас мемлекет үшін үлкен мақтаныш. Елдігімізді айшықтайтын Республика күнін өскелең ұрпаққа ұлықтау мақсатында осы іс-шараны ауданның белсенді жастарымен бірге ұйымдастырып отырмыз» деген Ақжарқын Егембердіқызы көпшілікті ұлттық мерекемен құттықтады.

Өскелең ұрпақты отандық патриотизм мен жоғары азаматтық сабақтастыққа үндеп, қоғамның рухани бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара соңында жетісайлық жастар қаланың көрікті көшелерінде автошеру өткізіп, мерекенің маңызын айшықтай түсті.

Айта кетсек, Тәуелсіздік алғалы 25 қазан Республика күні ретінде тойланып келді. Алайда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталды.Айта кетейік, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды.

Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 16 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Next Post

САЙРАМ: МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР ТҮЗЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі