13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТӨЛЕБИДЕ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

18 ноября, 2022
in Uncategorized, Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИДЕ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімінің жеке қабылдауларында тұрғындар тарапынан ағын су мәселесі жиі айтылады. Көктем айларында жауын-шашынның көп болуына байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, көптеген канал бастарына айтарлықтай зақым келтірілген болатын. Осы орайда көтерілген мәселелерді шешу бағытында жыл басынан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, «Қыр» каналының сынып жарамсыз болған 6 дана лотогының орнына 11 метрлік құбыр орнатылды.

Сонымен қатар, «Атбұлақ», «Озерный», «Планировочный» каналдары және «Кент» магистралды каналының 480 метр жері, аудан әкімдігінің ықпалымен «Қазсушар» республикалық коммуналдық меншігіндегі Тесіктас, Горный камень, Айналма және Блюскен-1 каналдарының 0,6 шақырымы қалпына келтірілді.

Сондай-ақ Көксәйек, Қасқасу, Қаратөбе, Қоғалы ауылдық округтеріне қарасты (Жіңішке, 8-март, Көксәйек, Кент, Қара-Шора, Ұзын, Таш, Төңкеріс) каналдарының 6,5 шақырымы, сондай-ақ, Науытсай, Жаманжар, Аққұм ішкі және Момынайтас каналдарының 12,5 шақырым жерлері механикалық тазаланды.
Мұнан бөлек, өңірде қар суы мен нөсерлі жауын-шашынды да тиімді пайдалану, оны жинау жобалары әзірленіп, қолға алынуда. Ерте көктемде арнасынан асқан ағын суды босқа жібермей, су қоймаларында сақтау маңызды. Себебі бұл қаланы көгалдандыру үшін өте қажет. Өңірде су қоймасын, бөгеттер салу осы мәселені алдын алып, қаланың көркіне әр берген жасанды каналдар мен көлдерді ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Ең бастысы, су босқа кетпей, тазалаудан өтіп, артынша суару жұмыстарына қолданылады. Бұл жиналған судың 40%-ы қаланың қажетіне қайта қолданылады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып жатыр, тіпті, алғашқы нәтижелер көңіл қуантады. Жаңа қалада жасыл белдеу көлемі ұлғайған. Бұл да жүзеге асқан және қолға алынған жұмыстардың нәтижесі. Айталық, 13 мың гектар жерге ағаш егіліп, үш жыл ішінде қалалық парктер, саябақтар, газондардың ауданы 2,5 есеге артып, тағы 400 гектарға өскен. Түркістанда 80 шақырымды құрайтын каналға тазарту, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су айдыны 400 гектардан астам ауданды алып жатыр. Микроклиматты жақсарту шаралары қарқын алып келеді. Егер аталған жобалар жалғасын тапса, Түркістан үлгісі еліміз үшін су ресурстарын басқарудың үнемді әрі табиғи моделі ретінде таптырмайтын тренд болады.

Previous Post

САЙРАМ: МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР ТҮЗЕТІЛДІ

Next Post

Жетісай: Мереке аясында аудан ардагерлері арасында волейболдан турнир өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі