13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай: Мереке аясында аудан ардагерлері арасында волейболдан турнир өтті

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жетісай: Мереке аясында аудан ардагерлері арасында волейболдан турнир өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ардагер – құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген, қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылған жетісайлық ардагерлер «25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесі мен Республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығының, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаеваның 80 жасқа толу мерейтойы аясында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекеде кездесті.

Аталмыш турнирге Абай ауылдық округі ардагерлерінің «Гүлдер», Қызылқұм ауылдық округі ардагерлерінің «Жігер», аудандық ардагерлер кеңесінен «Ардагер» және болашақ ардагерлерден құралған «Аманат» сынды 4 команда қатысып, өз бақтарын сынасты.

«Бұл жарыстың басты мақсаты – ардагерлерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлап, бір-бірімен дидарластыру, бос уақыттарында аз да болса спортпен шұғылдануларына жағдай жасау болды. Біздің бастамамызды қолдап, демеушілік жасаған ұйымдастыру алқаларына айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақыттарда да мұндай шараларды ұйымдастыра беру жоспарымызда бар. Бүгінгі мерекелік жарыста жеңіске жеткендер мен белсене қатысқан ардагерлеріміз бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталатын болады» дейді аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жахангир Айнабеков.

Өзара тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға «Жігер» командасы табан тіресе, ІІ орынды «Гүлдер» командасы, І орынды болашақ ардагерлерден құралған «Аманат» командасы қанжығасына байлады. Ал, бас жүлдені еншілеген аудандық ардагерлер кеңесінің «Ардагер» құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.

Барлық жеңімпаз командалар мен үздік ойын көрсеткен жекелеген ойыншылар ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдарымен марапатталды.

Previous Post

ТӨЛЕБИДЕ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі