13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері басқармаға Еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 830 азаматтан шағым түсіп, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда 208 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 252 заң бұзушылық анықталды. Оның 215-і заңға сәйкестендірілді. Ал қалғандарының орындау мерзімдері бар. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 144 нұсқама беріліп, 5,6 млн теңге көлемінде 66 айыппұл салынды.

Салынған айыппұлдар толығымен өндірілдіБұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Берік Ибадуллаев айтты. Берік Серікбайұлының сөзінше, 2 еңбек жанжалы орын алып, бұл мәселеде толығымен шешілген. Яғни, «Волковгеология» АҚ-дағы 1420 жұмыскердің жалақысы 20 пайызға көтерілген. Сондай-ақ, «Ақ-Жол» ЖШС-індегі 752 жұмысшының 232,4 млн теңге жалақысы толық төленген.

Сонымен қатар, облыс бойынша 4 кәсіпорында 1258 жұмыскердің алдында 324,7 млн теңге жалақы қарызының орын алғаны және кешіктіріп төленгені анықталды. Бүгінгі күні бұл жалақы қарызы толығымен жойылды. Облыс аумағында жалақы қарызы бар мекеме жоқ. Аталған мекемелерге басқарма тарапынан анықталған бұзушылықтары бойынша 647 595 теңге көлемінде 4 әкімшілік айыппұл салынып, орындалуы міндетті нұсқамалар берілді.

Еске салсақ, ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Қағаз жүзіндегі еңбек шарттарын электронды түрде «enbek.kz» порталына енгізу қажет. Елімізде «Цифрлылық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыскерлердің еңбек шарттарын электронды түрде «enbek.kz» порталына тіркеу жұмыстары облысымызда 2018 жылдан бастап жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Барлық қажетті мәліметтер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (ЕШЕБЖ) сақталатын болады.

Жүйеге, жұмыс беруші жасалған еңбек шарттарын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, шарт тараптарының деректемелері, лауазымы мен біліктілігі, жұмыс орны, шарт мерзімі, жұмыстың басталу және аяқталу күні туралы ақпарат енгізілуі керек.

Электрондық еңбек шарттарын енгізу жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз етеді.

Соңғы мәліметке сәйкес, облысымызда 2423 мекеме мен кәсіпорындар 114881 еңбек шарттарын электронды түрде тіркеген.

Previous Post

Жетісай: Мереке аясында аудан ардагерлері арасында волейболдан турнир өтті

Next Post

Түркістандық кәсіпкерлер бизнес-омбудсменге қандай шағым айтты?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі