13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫ: АҚСУКЕНТ-АҚҚАЛА-САРҚЫРАМА БАҒЫТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ АУДАНЫ: АҚСУКЕНТ-АҚҚАЛА-САРҚЫРАМА БАҒЫТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Төлеби ауданына қарасты Сарқырама елді мекенінің 20-ға жуық тұрғыны жиналып, Ақсукент ауылындағы автобекетте «Янс» ЖШС-імен Ақсукент-Аққала бағытындағы қоғамдық тасымал бойынша көрсетіліп жатқан қызметіне қарсылықтарын білдірді.

Осы азаматтар аудан әкімдігінің ғимаратына шақыртылып, аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қабылдап, түсіндірді.

Мәселенің мән-жайымен танысып, зерделеу үшін «Түркістан» телеарнасының тілшісі жиынға қатысып, түсірілім жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев көршілес аудан тұрғындарының уәждерін назарға алып, қабылдаған шешімді аталған телеарнаға сұхбат берді.

— Ауданның елді мекендеріне және Шымкент қаласына баратын бағыттарына жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметін көрсететін «ЯНС» ЖШС-і бар. Бұл мәселені жақынарада қарап, аталған серіктестік тарапынан Сарқырамадан аудан орталығына қарай 2 қоғамдық көлік қарастырылып, қызмет көрсеткен. Өйткені, осы ауылдан Ақсукент ауылындағы мектептер мен колледждерде білім алып жүрген оқушылары, студенттері бар, сонымен қатар, мал базарына да келушілер көп. Сарқырамалықтарға Төлеби ауданының орталығына қатынау алыс болғандықтан, аудан орталығы жақын болуына байланысты жиі қатынайды. Төлеби ауданы өздерінің тасымалдау қызметіне жалғастыруына келісім берілді. Жұма күні жол ақысыз. Бұл олардың жолаушылары үшін тиімді. Аталған бағытта көлік жүргізу үшін облыстық басқарма тарапынан конкурс өтуде. Басқармамен құжаттарды қабылдаулары аяқталған соң, жеңімпаз мердігер аталған бағытта жолаушыларды тасымалдау қызметін жүргізетін болады. Әкімдікке келген азаматтардың мәселесі тезарада оң шешімін тапты. Ақсақалдар батасын берді.

Тұрғындар сала басшыларымен келісімге келіп, бүгіннен бастап конкурс нәтижесі шыққанға дейін уақытша «Сәтті жол 2017» ЖШС-гі аталған бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 16 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі