13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданында 12 елдімекенде газбен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысы толық аяқталып отыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда 8 елдімекен табиғи газға қосылған. Олар — Ақтөбе, Жаңа және Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам елдімекендері. Ағымдағы жылдың соңына дейін 4 елдімекен (Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір) табиғи газ жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. Ал 2023 жылы 7 елдімекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Көкмардан, Шытты, Отырар) тұрғындары газбен қамтылмақ.

— 2022 жылдың 9 айында жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 61 млрд. 952 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 24,5%-ға артқан. Ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі — 14 млрд. 954 млн. 300 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 13 млрд. 713 млн. теңгені құраса, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 27 млрд. 98 млн. теңгеге жетті, — деді аудан басшысы.
Отырар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 2 мектеп құрылысы мен бір мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарланған. Сонымен қатар, биыл Қоғам ауыл округінен Талапты дәрігерлік амбулаториясының құрылысы басталған. Нысан 2023 жылы пайдалануға берілмек. Ауданда 2022 жылдың 9 айында 13 010 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Отырар ауданы бойынша 38 елдімекеннің 33-і толық сапалы ауыз сумен қамтылған. Аудан көлеміндегі жалпы автомобиль жолдардың ұзындығы – 863,05 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағы жол — 641,42 шақырым.

Ағын су жетіспеушілігін жою мақсатында Отырар ауданын­дағы «Қызыл ту» стансасында орналасқан 4 дана СНП-500 маркалы насостарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілген. Бүгінде Д.Алтынбеков каналы арқылы 6,5 м/с су босатылса, Арыс өзеніндегі Сырдария өзенінің кері тепкісінен насос стансасы арқылы каналға қосымша 2 м/с су тасталуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Талапты ауылының Сегіз там тұсындағы егін алқаптары толығымен суарылып, Қоғам ауыл округі шаруаларының мәселесі шешімін тапты. Ендігі кезекте Қарғалы ауыл округінің Отырар елді мекені аумағындағы егіс алқаптарына су жеткізу бас­ты назарға алынып отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА «ЖАСТАР» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫ: АҚСУКЕНТ-АҚҚАЛА-САРҚЫРАМА БАҒЫТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі