13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі істер министрлігінің Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының алғашқы кәсіптік оқыту курсының тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы таныстырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Бейсалиев, ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының оқу процесін ұйымдастыру, мониторингілеу және бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғазиз Қонысбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің өкілі Жазира Әлжанова және оқу орталығының жеке құрамы мен тыңдаушылары қатысты.
Департамент өкілі өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген салалардан хабардар етті. Атап айтқанда білім, денсаулық, жер, құрылыс, тұрғын үй, әлеуметтік қамтамасыз ету және тағы да басқа салаларға тоқталып, ондағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жүргізілген сыртқы талдау және мониторинг жұмыстарымен таныстырды.
Сондай-ақ, қатысушыларға еліміздің 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы мен ондағы әрбір сала қызметкерлерінің рөлі жайында ақпарат берді.
Аталған қызметтің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Бейсалиев парасаттылық адам бойындағы ізгі қасиет екендігін айтып, қызметті абыроймен, адал атқаруға шақырды. Өзінің қызметтік іс-әрекеттегі тәжірибесімен бөлісіп, мамандықтан бұрын адалдықты биік ұстау қажеттігіне жас қызметкерлердің назарын аударды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарлауға немесе Департаментке (Қазыбек би,3) жүгінуге кеңес берді.

Previous Post

Түркістан қаласында бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді

Next Post

КЕНТАУДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі