13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасына сай, облыс прокурорының орынбасары Әблезов Қуаныш Ержанұлы және Түркістан облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Төреханов Асылхан Сейдіханұлының қатысуымен «Заң керуені» акциясы өтті.

Жиында алғы сөзді алған облыс прокурорының орынбасары Әблезов Қуаныш Ержанұлы ашып, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы акцияның маңыздылығына тоқталып өтті.
Акцияға қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылар қатысты.

Акцияның мақсаты: жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы Төлеби ауданында да іске асуда. Осы орайда облыс прокурорының орынбасары Саян Келдібеков бастаған арнайы топ ауданға іс-сапармен келіп, тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Ендібаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында азаматтар тарапынан айтылған мәселелер кеңінен талқыланып, тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар алдағы атқарар жұмыстар нақтыланды.

Previous Post

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

КЕНТАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1587 ОТБАСЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі