13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласында бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында бала денсаулығына көңіл бөлу ісі оң бағытта өрбіп жатыр. Мектеп пен балабақша мейірбекелері де тәрбиеленушілердің денсаулығын басты назарға алып, профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өйткені, Мемлекет басшысы өз жолдауында бала саулығана ерекше тоқталған болатын.

«Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі». Басым бағыттарды саралаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде осылай деген болатын. Бүгінде Түркістан қаласында да бала денсаулығына аса назар аударылуда. Мектеп пен балабақша мейрбекелері де прафилактикалық жұмыстарды қарқынды жүрізіп жатырмыз дейді.
Жанар Жеттібаева, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп мейірбекесі: «Балалардың денсаулығына қатты мән беруіміз керек. Әрбір баланың дұрыс тамақтануына, денсаулығына қарау керек. Қазіргі таңда актуалды мәселе тұмау ғой. Соны енді ата-аналар болып, біз болып балалардың ауырмауын қадағалауымыз керек. Және қазір тамақтанбау салдарынан түрлі аурулар пайда болып жатыр. Біз сол бойынша санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі».

Түрлі жұқпалы аурулардың алдын ау үшін оқушыларға вакцина салынады. Бірақ барлығы ата-ананың рұқсатымен. Ал балабақшада таңертең тексеруден өткен баладан ауру белгілері байқалса бірден учаскелік мейірбекеге жолданады екен. Өйткені, әр баланың денсаулығы маңызды дейді медицина қызметкерлері. Сондықтан, ата-аналарды бұған немқұрайлы қарамауға шақырады.

Гүлнәр Төлегенова, “Балдырған” бөбекжай балабақша мейірбекесі: «Ата-аналарға айтарымыз, балаларды жылы ұстап, жылы киіндіріп, жылы қайнаған су беру керек. Мұздай нәрседен бас тартуымыз керек».
Бүгінде Түркістан қаласында 60 мектеп пен 108 балабақша бар. Онда 60 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. Қалалық адами әлеуметті дамыту бөліміндегілердің айтуынша, әр білім ошағанда мейірбеке қызметкерлері бала денсаулығын жақсарту үшін қызмет атқарады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: КАЧЕСТВО ЗНАНИЙ-В ПОИСКАХ УЧИТЕЛЯ

Next Post

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі