13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 16 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы халқымен кезекті кездесу Киелітас ауылдық округінде өтті. Округ аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 86,4 пайызды құрайды. 2022 жылы облыстық маңызы бар КХ-11 «Сарыағаш-Жылға-Монтайтас-Рабат-Ленгір» автомобиль жолы орта жөндеуден өтті. Киелітас елді мекеніндегі Алмалы, Бірлік көшелеріне, Сұлтан Рабат елді мекенінің Б.Рүстемов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруға ауылдық округтің 16 көшесі ұсынылды.

Аудандық маңызы бар КХTL-9, КХ-82 «Ақайдар» жолындағы көпірді жөндеу үшін құжаттары салалық басқармаларға ұсынылды. Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Қарауылтөбе көшесі бойындағы Бадам өзені арқылы көпірді күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сонымен қатар Киелітас елді мекеніндегі Қарауылтөбе, Қорған көшелеріндегі 63 үйге газ құбыры тартылып, оны қосу жұмыстары жүргізілуде. Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Қарауылтөбе көшесіне ауыз су құбыры жүргізіліп, Достық елді мекеніндегі №4, №5 ұңғыма ағымдағы жөндеуден өтіп, «Қыр» каналын механикалық тазалау жүргізілді.

Достық елді мекеніндегі Қ.Жылқыбаев көшесінің 3.5 шақырымды құрайтын электр желілері жаңартылып, 2 трансформатор қойылды. Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Қарауылтөбе, Есікқорған, Жалын көшелері, Ақайдар елді мекеніндегі Мерей көшесіндегі электр жүйелерін жаңарту мақсатында демеушілер есебінен ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвест бағдарламасы арқылы Киелітас елді мекеніндегі Атамекен көшесіне 2,8 шақырым электр желілері тартылса, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Қазақстан көшесіне 3,01 шақырым электр желілері тартылып, трансформатор орнатылуда. Киелітас елді мекеніндегі Байбұлақ көшесіне түнгі жарық орнату, аяқ жол салу үшін қаржыландыруға ұсынылуда. Сұлтан Рабат елді мекенінің Жалын көшесіне түнгі жарық орнату бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Сұрақ-жауап форматындағы кездесу барысында тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, сұрақтарына жауап бердім. Округте атқарылып жатқан жұмыстар өзімнің бақылауымда болатындығын жеткіздім.

Previous Post

Түркістан облысында жекеменшік мектептердің саны артуда

Next Post

ТҮРКІСТАН - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ТҰҒЫРЫНДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі