13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жекеменшік мектептердің саны артуда

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында жекеменшік мектептердің саны артуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы демографиялық өсім бо­йынша елімізде көш басында. Яғни жаңа мектептерге қажеттілік мәселесі жыл сайын туындауы заңдылық. Бұл орайда былтыр бюджет есебінен 78 мектептің құрылысы жүргізіліп, 44-і пайдалануға берілген болатын. Жеке инвестиция есебінен 37 мектеп салынды. Бұл бағытта жұмыс биыл күшеймек.Еліміз бойынша 2021-2025 жылдар аралығында салынып жатқан мектептердің төрттен бір бөлігі – Түркістан облысына тиесілі. Төрт жылда өңірде 199 мектеп бой көтереді. Биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20 млрд теңгеден астам қаржы қаралды. Ал облыс орталығы Түркістан қаласында 2025 жылға дейін 10-нан астам мектеп салынады деп жоспарлануда. Өткен жылы 900 орындық мектеп, 720 орындық Назарбаев зияткерлік мектебі 120 орындық жатақханасымен салынды. Бұдан бөлек, 6 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Биыл Түркістан қаласындағы «Turkistan» АЭА» әкімшілік-іскерлік аумағында «Нұрорда» халықаралық мектебінің» құрылысы басталады. Төрт тілде білім беретін халықаралық мектепте барлық жағдай жасал­мақ.

Білім беру кешенінде футбол алаңы, жатақхана және бассейн салынады. Жоспар бойынша мектеп 2024 жылғы жаңа оқу жылында ашылады деп күтілуде. Жалпы білім беру мекемелерінің жетіспеушілігін жою мақсатында жекеменшік мектептерге жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі де қолға алынып отыр. Яғни кәсіпкер мектеп салып, онда білім алатын әрбір оқушы үшін мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз қаржыға ие бола алады. Мысалы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында жеке кәсіпкер 4 бірдей мектеп салуда. Инвестор соңғы он жылда салған 8 балабақша мен 4 жекеменшік мектепте 13 мыңнан астам бала тәлім-тәрбие алуда. Жеке кәсіпкер Низамхан Сулайманов салып жатқан 1 200 балаға арналған әр мектептің құны 1,5 млрд теңгеден аспайды. Қаңтар айында құрылысы басталған заманауи үлгідегі білім ұялары жоспар бойынша биылғы оқу жылы пайдалануға берілмек.

Инвестордың иелігіндегі 1 200 орындық балабақша өңірдегі ең үлкен балабақша болып есептеледі. Сондай-ақ Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында 2 200 орындық орта мектеп жұмыс істейді. Білім ошағы елордадағы Назарбаев университетінің жобасымен салынған. Мектептің үлкен мәжіліс залдары, кітапхана, спорт залы мен 450 орындық асханасы бар. Өскелең ұрпақты еңбекке баулуға бағытталған пәндер өтілетін сыныптардың жасақталуы да өзгеше. Барлық мектепте балалар мемлекеттік бағдарлама аясында ақысыз білім алады. Оқушыларды тегін тасымалдап, ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Қосымша үйірмелер тегін. Үздіктерге арнайы стипендия тағайындалған. Міне, осы бағыттағы, яғни жекеменшік мектептердің саны өңірде арта түспек. Бұл мақсатта инвесторларды тарту жұмысы күшейтілмек. Сондай-ақ шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушыларды арнайы автобус­тар тасымалдайтын болады. Ол үшін жаңа автобустар сатып алынады. Мысалы, биылғы жаңа оқу жылына облыстық бюджеттен Ордабасы ауданына 15 жаңа автобус берілетін болады. Ал Шұбарсу ауылында биыл 3 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі.
Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі де назардан тыс қалған емес. Мысалы, биыл мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыру іс-шараларын атқаруға 26,1 млрд теңгеге медициналық ұйымдармен шарт жасалды. Жыл басынан бері мектеп медицинасына шамамен 6,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

«Мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі меке­мелердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйым­дастыру туралы ойлайтындар аз. Мектеп медицинасы білім беру ұйымдарында, яғни тікелей мектептерде, балабақшаларда, шағын орталықтарда немесе басқа да білім беру ұйымдарындағы балаларға медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесі енгізілген соң, мектеп медицинасына ерекше көңіл бөліне бастады.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ: ӘКІМНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ЫНТЫМАҚТА ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИ: БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 16 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі