13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ӘКІМНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ЫНТЫМАҚТА ӨТТІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ӘКІМНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ЫНТЫМАҚТА ӨТТІ
56
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» тұжырымдамасы аясында бекітілген кестеге сәйкес Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектың кезекті кездесуі Ынтымақ ауылдық округінде өтті. Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев пен аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімшесінің басшысы Мейірман Халықов, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, округ тұрғындары қатысты.
Жиынды өткен тоқсанда көтерілген мәселелердің орындалуы барысымен таныстырудан бастаған аудан басшысы тұрғындардың сұрақтарына да жауап берді.
Көтерілген мәселелер бойынша Үшкөпір елді мекеніне қарасты ұзындығы 850 метрді құрайтын Бекбалаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, 2023 жылға қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік комиссияға ұсыныс жолданса, «Тәуелсіздікке 20 жыл» атындағы Машиналық әдіспен су көтеру каналына қарасты Жеті қазына елді мекеннен «Сүлеймен-ата» мазараты бұзулу қауіпінің алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК пайдалану және су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салихбаев пен арнайы мамандардың және ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өткізілді. Жиналыс барысында машканал кешенін қайта қалпына келтіру жобасын әзірлеуге және мазаратқа баратын балама жолын қалпына келтіру шешемі қабылданды.
Ал, Әден ата елді мекеніне қарасты ұзындығы 920 метрді құрайтын Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалынып, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттік комиссияның отырысына қаржыландыруға кезең-кезеңімен ұсыныс жолданатындығын айтқан Мұрат Болатұлы елді мекенге қарасты Қамбаров көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталғанын, 2023 жылға қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік комиссияға ұсыныс берілгенін жеткізді.
Сонымен қатар, Үшкөпір ауылында орналасқан №25 КТП «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС 2023-2027 жылдарға арналған «Қайта құру және жаңғырту бағдарламасы» аясында трансформаторы, бағаналары жаңаланып, кабелдік желі (СИП) тартылатыны, КХ-75 «Жетісай-Асықата» облыстық маңызы бар автомобиль жолының Үшкөпір елді мекенінің тұсындағы 34+700 шақырымына стандартқа сай жасанды жол кедергілерін орнату үшін сұраныс хат жолданып, бақылауға алынғандығы, «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен қалпына келтірілетін 210 тік дренажды ұңғыманың 36-сының Ынтымақ ауылдық округінде екендігі айтылды.
Осы және өзге де өзекті мәселелер бойынша еркін форматта пікір алмасқан аудан әкімі кездесу соңында тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Мәселелерін тыңдап, заң аясында кеңестер берді. Құзіреті аясындағы айтылған өтініштердің орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.
Previous Post

Түркістан: «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленді

Next Post

Түркістан облысында жекеменшік мектептердің саны артуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі