Сауран ауданда кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 млн.тг, АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн.тг және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250,0 млн.тг несие алған. «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды.
Осы жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300,0 млн теңге, 100 жаңа жұмыс орның қамтитын жоба іске қосылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «GOLDEN Cotton» ЖШС кәсіпорны мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауытын іске қосылды. Сондай-ақ Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орынды жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орынды жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражасы есебінен пайдалануға берілді.
Туризм саласында да ауданда игілікті істер бар. Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округінде кәсіпкерлердің демеушілігімен «Сапар орталығы» ашылды. Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл қонақ үй жеке демеушілер тарапынан іске асырылуда. Аталған қонақ үй келер жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 мың 552 га және Түркістан қаласына 4831 га ауылшаруашылық мақсатындағы жер облыстық мәслихаттың шешімі беріліп, Үкіметтің қарауында. Жаңа Иқан, Жібек жолы, Майдантал, Оранғай, Бабайқорған, Ескі Иқан ауылдық округтері аумағынан 259 жер иелеріне тиесілі 27 973,7 га. жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауыл округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде. Бұдан бөлек, 8 ауылдық округте 22,6 мың га жер телімдері ортақ жайылымға бекітіліп, сәйкестендіру актісі рәсімделген. Аудан көлемінде 145 жер иеленушімен, алаңы 32,3 мың га. келісім-шарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. 2022 жылға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атқарылатын ортақ жайылым іс-шаралар жоспары жыл соңына дейін орындалады.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде. Білім ордалары 2023-2024 жылдар аралығында бой көтереді деп жоспарланып отыр.