13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ТҰҒЫРЫНДА

18 ноября, 2022
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ТҰҒЫРЫНДА
Share on FacebookShare on Twitter

Түркі әлемінің рухани астанасына айналған Түркістан қаласының халқы шаһардың мерекесін кеңінен тойлады.  Мерекелік іс шараны қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырып, қала қонақтары мен тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады.

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы адам танымастай өзгерді. Ертедегі Яссы, ежелгі Түркістан бүгінгі жаңа қалаға айналды.  Түркістандағы Фараб кітапханасында қала күніне арналған мерекелік жиында ақ жаулықты әжелер  ауылдың алты ауызынан ән айтып, келген қонақтарға ұлттық тағамдарды ұсынды.
Мерекелік шарада «Қол өнерім – мол өнерім» атты  көрме ұйымдастырылды. Мұнда шеберлер мен ұсталар  өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдарын әкелген. Гаухарбек Баянбайұлы көрмеге өзінің «Жер ана — ел ана» туындысын әкеліпті. «Төл өнеріміз арқылы туристер мен қала қонақтарына  қазақтың мәдениетінің бір көрінісін көрсету парызымыз — дейді шебер.

Мерекелік кеш халық театры сахналаған «Иассы шаһары» қойылымымен басталды.  Түркістанның тарихы мен жаңарған Түркістаннның келбетіне арналған бейне фильм көрсетілді. Сонымен қатар, қаланың дамуына белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтар қала әкімінің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хаттармен марапатталды.

Қала күні мерекесінде облысымыздың тумасы,  әнші Жұбаныш Жексенұлы  әнімен шашу шашып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Мерекелік жиында Түркістандық өнерпаздар  әннен шашу шашып, мың бұралған бишілер сахнаны сәнге бөледі.Еске салсақ, бұл мереке аясында киелі шаһарда жыл сайын маңызды іс-шаралар іске асады.Осыған дейін қала күні қарсаңында аумағы 1500 шаршы метрден асатын бес жұлдызды қонақ үй ашылды. Сондай-ақ, қалада жалпы аумағы 30 мың шаршы метрден тұратын этноауыл құрылып, онда қонақтарға арналған 113 киіз үй қойылды және ұлттық ойындардан жарыстар өткен еді.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 16 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТАМАҚТАН УЛАНУ МЕН ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі