13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровпен кездесті. Кездесуде өңірде кәсіпкерлікті дамыту, қолдау көрсету және өзге де мәселелер талқыланды. Өңір басшысы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашу басым бағыт екеніне тоқталды.

– Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті өркендету жолдарын қарастырып жатырмыз. Индустриалды аймақтардың инфрақұрылым мәселесі де зерделенуде. Өңірде ірі зауыттар аз. Инвесторлар тарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазір жастарды еңбекке тарту, оларды ынталандыру бағытындағы жобаларды күшейткен жөн. Бұл ретте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Рустам Жүрсінов барлық өңірді аралап келе жатқанын айта келе Түркістанда шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол екенін атап өтті.– Түркістан өңірінің басты байлығы – адами капитал. Жұмыс күші жеткілікті. Қиындықтар бар екенін де білеміз. Бүгін кәсіпкерлермен кездесіп, олардың мәселелерін, өтініштерін тыңдадық. Өңірдегі кәсіпкерлік палаталары әкімдіктермен бірге кәсіпкерлікті дамыту жұмысына атсалысады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді Рустам Жүрсінов.

Бүгінгі таңда облыста 170 мыңнан астам мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр. Биыл олардың саны 26,5 мыңға артты. Тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу, несиелендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетсек, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері Түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін толық қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда облыс алғашқы үштіктен орын алады.

Previous Post

Қазығұрт ауданында шұжық шығаратын өндіріс орны бар

Next Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі