13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында шұжық шығаратын өндіріс орны бар

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазығұрт ауданында шұжық шығаратын өндіріс орны бар
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында шұжық өнімдерін өндіретін зауыт бар. 13 жыл бұрын негізі қаланған өндіріс орнының тауарлары нарықта сұранысқа ие. Себебі халал сертификаты барынан бөлек, дәмділігі жағынан да дараланады. Бүгінде отандық тауарлар ішкі нарықтан өзге, Ресей мемлекетіне де экспортталуда.

Мұндағы шұжықтар сиыр, жылқы, тауық етінен әзірленеді. Жұмысы қайнаған кәсіпорында 62 түрлі шұжық өндіріледі. Жалпы компания қызметі 2009 жылы басталған. Осы уақыт ішінде өндіріс орны өзін жоғары сапалы, дәмді тауар өндіруші ретінде көрсете білген. Себебі өнімдері сұранысқа ие. Мұндағы өндірістің барлық циклі халал өнімге сай.

Бұл компанияда Сапа менеджмент жүйесінің 2 стандарты ендірілген, бірі ЭСО-9 бір стандарты сапа менеджмент жүйесіне соңғы талаптар. Келесісі исо 22 стандарты тағам өнімдеріне қойылатын жалпы талаптар. Демек бұл стандартты өндірген кәсіпорын бәсекеге қабілетті болып саналады. Осы стандарттың принциптері қатаң сақталып отырса, өнімдер таза тұтынушыға жеткізіліп отырады.

Компанияның өзінде ірі қара мал асырайтын жеке жайылымы бар. Бұл өз кезегінде өндірісті балғын етпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын тауарлары әлемге танымал заманауи неміс және австриялық жабдықтарда дайындалады. Жалпы Қазығұрт ауданында инвестиция көрсеткіші артқан. Себебі биыл оның көлемі 18,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3528 млн теңгеге артық.

АРМАН АБДУЛЛАЕВ – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ — Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның көлемі 9 айда 18,9 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 119,7 пайызды құрап отыр. Жылдың қорытындысымен инвестицияның көлемін 28,2 млрд теңгеге жеткіземіз деп ойлап отырмыз. Осы 18,9 млрд теңгенің 2,8 млрд теңгесі бюджет қаржысы болатын болса, 16,1 млрд теңгесі жеке инвестиция болып табылады.

Бүгінде зауытта 300 ден аса адам екі ауысымда жұмыс істейді. Өнімдер Түркістан облысындағы барлық аудан қалаларды толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Одан өзге, Астана, Алматы мен Атырау өңіріне жөнелтіледі. Тіпті Ресейге де экспортталады екен. Жалпы мұнда күнінен 4-6 тоннаға жуық шұжық өнімдері шығарылады. Алдағы уақытта өнім көлемін 10 тоннаға жеткізу жоспарда бар.

Previous Post

Түркістан облысында ірімшік өндірісі дамуда

Next Post

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі