13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елдімекенінен 38 га жер бөлініп, онда аудандық әкімдік, күштік құрылымдар ғимараттары мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков мәлімдеді.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл нысан келесі жылдың басында қолданысқа беріледі. Әкімшілік іскерлік орталықтағы басқа да ғимараттарды 2023 жылы толық пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Шорнақ елдімекенінде өрт сөндіру депосы мен 200 орындық аудандық орталық аурухананың, 500 орындық мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.
Аудан әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделген. 2023-2024 жылдар аралығында С.Қожанов елдімекенінде 300 орындық, Еңбекші дихан мен Қарашық елдімекендерінде 600 орындық, Аша, Ынталы және Құмтүйін елдімекендерінде 900 орындық, ал Ескі Иқан елдімекенінде 2 000 орындық мектептің құрылысы басталып, ел игілігіне тапсырылмақ.

Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жеке демеушілер тарапынан іске асырылып жатқан қонақүй келер жылы пайдалануға беріледі.

Халық қалаулысының айтуынша, мектеп салу мәселесінде жауапты Министрліктер ел бойынша тек бір қаулымен жұмыс жүргізбей, өңірлердің ерекшеліктері, бала саны және халықтың талап-тілегіне назар аударса, туындайтын кедергілер мен кемшіліктердің орны толтырылады. Елді мекенде осындай мәселенің түйіні шешілгеніне қуанған ауыл тұрғыны өз пікірімен бөлісті. Қазіргі пайдаланудағы Қызыләскер мектебіне шамамен 200-ге жуық бала күнделікті қатынап оқиды. Осы ауылдан 3-4 шақырым қашықтықта орналасқан. Кейбірі жаяу барса, біреулері көлік жалдайды. Өзімнің 6 балам бар. Оның 4-і мектеп оқушысы. Автобус мәселесін көтергенбіз. Жаңа мектеп салынуына байланысты қарастырылмады. Мына Қосмезгілдегі жаңа мектептің салынуы қажеттіліктен туындады. Бірнеше рет ұсыныс жолдаған едік. Өтініш-тілегіміз орындалып, құрылысы да аяқталып қалды. Жаңа мектептің салынуына атсалысқан азаматтарға ата-аналар мен ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтамын. Осында білімді ұрпақтар тәрбиеленіп шығатынына сенемін, – дейді ауыл тұрғыны А.Исабеков.
Мәжілісмен ауданға сапары барысында Оранғай ауылдық округінде бой көтеріп жатқан 200 орынды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығы және Бабайқорған елді мекеніндегі спорт залының құрылыс алаңына да атбасын бұрып, зерделеу жүргізді. Аталған нысандарды 2022-2023 жылдары қолданысқа беру жоспарлануда. Оңалту орталығына 2,9 млрд.теңге бөлінсе, спорттық нысанға 194,6 млрд.теңге қаржы қарастырылған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ БІРНЕШЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі