13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ЫНТЫМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ЫНТЫМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» тұжырымдамасы аясында бекітілген кестеге сәйкес елді мекендерде көшпелі кездесулер өткізіп жүрген Жетісай ауданының әкімі Мұрат Кадырбек бүгін Ынтымақ ауылдық округінің өзекті мәселелерін талқылады. Аудан әкімінің орынбасарлары мен алдыңғы тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелерге жауапты сала басшылары бас қосқан жиында егістік алқаптары мен тұрғын үй аумақтарында жерасты суының көтерілуін болдырмау, мол өнім алу мақсатында округ аумағында тік дренаждар салатын орындардың белгіленіп, «Қазсушар» РМК Түркістан облысының Жетісай аудандық тік дренаждарды пайдалану өндірістік бөлімшесіне тік дренаж салатын орындардың мемлекеттік актісін жасауға және құрылысын жүргізуге ұсыныс берілгендігі айтылды. Қазіргі уақытта Асықата өңірінде 210 дана тік дренажды іске қосуға «Жер-Ана» ЖШС тарапынан сметалық жобалар дайындалып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылған.

Округтің өзекті, түйіні тарқатылуы тиіс салаларын саралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тағы бір рет талқылаудан өткізген Мұрат Болатұлы жауапты мамандарға жұмысты әлі де болса жандандыруды тапсырды.

Қазір Жетісай ауданында жалпы құны 3,7 млрд. теңге құрайтын 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 1 нысан пайдалануға тапсырылады, 3 нысан 2023 жылға өтпелі. Тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында Жетісай қаласында 5 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Биыл пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы аумағында 80 га жер теліміне инженерлік инфрақұрылым яғни, газ және кәріз жүйесін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ауданның инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 3 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары басталған. Нәтижесінде Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 35 жоба іске асып жатыр. Бұл – ауданның инфрақұрылымын дамыту әрі жақсарту бағытындағы жұмыстың күшейгенінің белгісі.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Түркістан: Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі