Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы Қазығұрт ауыл округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан жол, ауыз су, жер мәселесі, кәсіпкерлікті дамыту, көше жарықтары сынды мәселелер төңірегінде сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі барша сұрақтарға нақты жауап беріп, ұсыныстар бойынша мекеме, ұйым басшыларына тапсырмалар берді.