13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс және Отырар тұрғындарымен кездеседі

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс және Отырар тұрғындарымен кездеседі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы арыс және Отырар ауданының тұрғындарымен кездеседі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 25 қараша сағат 11.00-де Арыс қаласы, Ергөбек көшесі №178 мекен-жайда орналасқан «Мәдениет үйі» ғимаратында өтеді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 25 қараша сағат 12.00-да Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі №3 мекен-жайда орналасқан «Ардагерлер орталығы» ғимаратында өтеді. Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуі 25 қараша сағат 16.00-де Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы даңғылы, Мәдениет сарайында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 25 қараша сағат 17.00-да Шәуілдір ауылы, Мәдениет сарайында өтеді.

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 24 қарашаға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі! Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Айта кетсек,биыл әкімдердің елге есеп беру жиындары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды. Осыған сәйкес Түркістан облысының әкімі халықпен кездесу шарасын жалғастыруда.

Previous Post

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚЫЗДАР БАСКЕТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі