13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚЫЗДАР БАСКЕТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚЫЗДАР БАСКЕТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында баскетболдан 2007-2008 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тартысқа толы турнир апта бойына жалғасын тапты. Баскетбол бәсекесінде түркістандық қыздар мен Алматы облысының ұлдар құрамасының бәсі биік болды.
Ел чемпионатының қорытындысы бойынша қыздар арасында Түркістан облысының талантты баскетболшы қыздары жеңіс шыңын бағындырып, алтын медаль иеленді. Ал, Павлодар облысының командасы күміс жүлдені, Жетісу облысының қыздары қола алқаны қанағат етті. Ұлдар арасында Алматы облысының құрамасы бас жүлдені иеленсе, Атырау облысының баскетболшылары күміс, Ақмола облысынан келген спортшылар қола жүлдегер атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Атап өткен жөн, «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өрбіген республикалық жарысты Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы ұйымдастырған.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың мамырында баскетболдан қыздар арасында Түркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының ХХХ чемпионатының шешуші кезеңі өткен болатын. Аталған сынға еліміздің іріктеліп шыққан ең үздік 4 командасы қатысқан еді. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы керемет шеберлігін көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанған. Түркістандық арулар бас жүлде үшін болған тартыста Ақмола облысының «Оқжетпес» командасымен 4 рет кездесіп, 3:1 есебімен жеңген. Шешуші сында алаң иелері ақмолалық қарсыласынан 54:49 есебімен басым түсті. Қос мықтының тартысқа толы бәсекесін мамандар жоғары бағалады. Чемпион атанған «Тұран» командасы мен күміс жүлдеге ие болған «Оқжетпес» командасын және үздік ойыншыларды спорт саласының басшылары арнайы марапаттадған еді. Жылдың үздік ойыншысы (MVP) болып түркістандық Залина Куразова танылды. Оған арнай құрмет көрсетілген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс және Отырар тұрғындарымен кездеседі

Next Post

Жаңа алаңдағы алғашқы брифинг

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі