13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Иордания астанасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 6 алтын, 7 күміс және 8 қола еншілеп, жалпы есепте бірінші оырнға ие болды. Ортақ жеңіске Түркістан облысының спортшылары да үлес қосты.

Финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырық түйістірді. Төрешілердің есебінде айырмашылық болғанымен, жеңіс Өзбекстан боксшысына берілді. Осылайша, Сәкен Бибосынов күміс медальді иеленді.Айта кетейік, Дусматов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және Азия чемпионатын екі рет жеңген (2015, 2017). Ал былтыр Белградта өткен әлем біріншілігінің финалында Бибосынов дәл осы Дусматовпен қолғап түйістіріп, Сәкен жеңген болатын.

Ал 86 келіде Сағындық Тоғамбай қола медаль жеңіп алды.
Тағы бір айта кетерлігі, 48 келіде Азия чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай Түркістан облысы, Келес ауданында дүниеге келген. Бүгінде астанада тұрады. Ол финалда жапон спортшысымен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. Талантты спортшы финалға дейін Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістан спортшыларын жеңген болатын.

Сонымен, ерлер құрамасы 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасынан кейінгі екінші орынға жайғасты. Медаль саны жағынан өзге құрамалардан озық болғанымызбен, чемпиондардың саны жағынан көршілеріміз алдымызды орап кетті.

Турнирді қорытындылаған ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарыс төрешілеріне қатысты пікір білдіріпті. «Біздің құрамадағы жігіттерге төрешілер тарапынан қысым жасалғанын айтуымыз керек. Әсіресе, ақтық сындағы жекпе-жектерде бұра тарту болды. Кәсіпқой спорт маманы ретінде айтар болсам, Сәкен Бибосынов та, Махмұд Сабырхан да, Серік Теміржанов та финалда жеңілген жоқ. Төрешілер қысастық жасап, жеңісті қарсыластарына алып берді» дейді Қайрат Сәтжанов.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «МАҒЖАН» СПЕТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс және Отырар тұрғындарымен кездеседі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі