13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «МАҒЖАН» СПЕТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «МАҒЖАН» СПЕТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан музыкалық драма театрының қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. 12-13 қараша күндері Түркістан музыкалық драма театры жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынды.

«Мағжан» қойылымының идея авторы – Айнұр Көпбассарова, Түркістан музыкалық драма театрының директоры – Әлімхан Мырзахан, туындының қоюшы режиссері – Давиде Ливермор, режиссері – Chiara Ocella.

Спектакльде Алаштың арысы, ақиқаттың алдаспанына айналған Мағжан Жұмабаевтың жастық шағынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейінгі өмір жолы көрсетіледі. Қазақ жастарына зор сенім артқан дарынды ақынның абақтыдағы азапты ғұмыры мен жұбайы Зылихаға деген адал махаббаты суреттелді.
Түркiстан – екi дүние есiгi ғой,

Түркiстан – ер түрiктiң бесiгi ғой.
Тамаша Түркiстандай жерде туған,
Түркiнiң тәңiрi берген нәсiбi ғой.
Ертеде Түркiстанды Тұран дескен,
Тұранда ер Түрiгiм туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен,

— деп асқақ рухта жырлаған Мағжан Жұмабаевты тәуелсiз елiмiздiң еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейiн бұл күнi бiле бастады. Сол ақиық ақын өмiрi қалай аяқталып едi. Қазақ поэзиясының бағына бола дүние есiгiн ашқан ақынымыздың өмiрiне өзiмiз балта шапқан жоқпыз ба? Алла өзi берген ақын жанын солшыл саясатшылар қапыда алған жоқ па? Қоғам ба, адам ба бұған кiнәлi? Әлде, соқыр заман, әсiре саясат лаңы ма? Осынау сан сауалға жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлының Мағжан Жұмабаев өмiрiнiң соңғы сәттерiнен жазған қойылымы жауап iздейдi.

…Жан-дүниеңдi шымырлатып, өн-бойыңды әлдилер әуездi әуен естiледi. Iле темiр тордың арғы жағынан Мағжан ақын (артист Айдар Наурызбаев) көрiндi. Оның зарлы да, мұңлы үнi жүрегiңдi езiп, сай-сүйегiңдi сырқыратып, осы отырғанда ақын әлемiнiң қалтарысты-қатпарлы тағдырына өзiң де бой ұсына түскенiңдi байқамай қаласың…

Екі күн қатарынан қойылған спектакль талғамы биік көрермен көңілінен шықты. Елімізге танымал Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Али Марат сынды театр әртістері жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елі үшін басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көрерменге жеткізе білді.

Айта кетейік, премьераға арналған билеттердің бәрі сатылып кетті. Бұл – Түркістанның рухани және мәдени орталыққа айналып келе жатқанының белгісі. Түркістандағы игі өзгерістерге даңқты актер Тұңғышбай Жаманқұлов та тоқталып, жас театрдың еңбегін жоғары бағалады.

Previous Post

Жол сапасы - жіті бақылауымызда

Next Post

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі