Қазіргі кезде отбасы ішіндегі тұлмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблемалар қатарына шығуда.Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Отбасы – бұл қоғамның бір бөлшегі. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
әселен, Келестік полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қылмыстың, құқықбұзушылықтың, ертежүктіліктің, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу және болдырмау мақсатында аудан аумағындағы білім ошақтарына барып, мектеп оқушылары, ата аналары және ұжым қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру дәрістерін өткізуде.
Атап айтқанда Келес ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №32 Ш.Уалиханов, №27 Н.Тілендиев, №25 С.Сейфуллин, №30 Мыңтөбе атындағы жалпы орта білім беретін мектептеріне Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Э.Есенкулова және Ювеналдық полиция тобының инспекторлары полиция майоры М.Сарсенов, полиция майоры Қ. Сариев, полиция капитаны М.Алдабергеновтар арнайы барып, кездесулер өткізді.
Кездесу барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын түсіндіру шаралары атқарылып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналардың көкейтесті сұрақтарына полиция қызметкерлері тарапынан тиісті жауаптары берілді.
Полиция құқық бұзушыларды анықтап қана қоймай, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды да анықтайды.Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен, Дағдарыс орталықтарымен, Аналар үйімен, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен, Аналар кеңесімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.