13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: АҚТӨБЕ ЖӘНЕ БІРЛЕСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: АҚТӨБЕ ЖӘНЕ БІРЛЕСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен шара аудандағы халқы тығыз орналасқан Ақтөбе және Бірлесу ауылдық округтерінде өтті.

Келес ауданы прокурорының орынбасары Шырынбай Надирбаев және Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Ербол Сапаров бастаған топ қос округтің тұрғындары тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беріп, акцияның мақсатын түсіндірді.

Акцияның мақсаты — жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Айта кетсек, осыған дейін мұндай акция өңірдің барлық аудан қаласында іске асты. Мәселен, акция аясында Түркістан қаласының бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы, білім, денсаулық сақтау, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатарынан мобильді топ жұмыс істейді.

Жалпы, прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды. Прокуратураның өкілеттілігі: Заңнамалық нормалардың орындалуын қадағалау; Министрліктер мен ведомстволардың, атқарушы және заңнамалық органдардың, басқару органдарының, өзін-өзі басқару және әскери басқаруды бақылау; Азаматтардың құқықтарын сақтауды бақылау; Жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеуді, тергеуді жүзеге асыратын органдардың бақылауы; Жазалауды жүзеге асыратын әкімшілік органдар мен мекемелердің заңнамалық нормаларын іске асыруға бақылау жасау, сондай-ақ ұсталғандарды және қамауда ұстау түріндегі мәжбүрлеу шараларын қолдану; Заңға қайшы келетін сот шешімдерін анықтау; Заңнаманы бұзу туралы ақпаратты қамтитын заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері туралы шешім; Жасалған қылмыстар үшін қылмыстық қудалау; Қылмысқа қарсы күрес органдарының жұмысын ұйымдастыру.
Айта кетейік, тұрғындар құзырлы орган өкілдерімен белгілі себептермен кездесе алмаған жағдайда, арыз шағымдарын аудан прокуратурасының +7 (725 32)3-15-14 сенім телефонына хабарласып, жеткізуіне болады.

Previous Post

КЕЛЕСТІҢ ТУМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Next Post

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі