13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕСТІҢ ТУМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕСТІҢ ТУМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Иордания астанасы Амманда өткен әлем чемпионатының финалында 48 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай чемпион атанды. Ол финалда жапониялық Казума Аратакемен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. Санжар осы жарыстың 1/8 финалында өзбекстандық Асылбек Жалоловты 5-0 есебімен тізерлеткен. Одан кейін қырғыз боксшысы Мейірлан Түрікбайұлын да айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда үндістандық Говинд Кумар Саханидің осал тұсын тапқан.
Қазірде Астана қаласының тұрғыны Санжар Тәшкенбай — 2003 жылы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Ғ.Мұратбаев елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі — Тәкен өмірін ұстаздыққа арнаған, он екі ұл мен қызды өсірген ақын Тәшкенбай Шалдыбаевтың үлкен ұлы. Қанжығасына алтын медалді байлап ел намысын қорғап қайтқан жас өрен өз жеңісін азияға мойындатуымен қатар Келес ауданының атауын бүкіл әлемге танытты.

Сары құрлық елдерінің ең талантты боксшы ұл-қыздары қатысқан бұл додада Қазақстан ұлттық құрама командасы құрлық бойыншаүздік команда екенін тағы да бір рет дәлелдеді. Шаршы алаңда жоғары техникамен жұдырықтасқан қазақ боксшылары жеті рет еліміздің Әнұранын Азия аспанында қалықтатты. Рингте атой салған 54 келі салмақтағы шымкенттік Жайна Шекербекова ақтық сында тайландтық Жутомас Джитпонгпен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Азия чемпионатының басы- қасында болып боксшыларымызға қолдау көрсеткен Шымкент қалалық бокс клубының басшысы Заңғар Қасқаев бұл чемпионаттың Азия ойындары мен олимпиада ойындары қарсаңындағы үлкен сынақ екендігін жеткізді.

Ал, дарындылығымен талай бокс мамандарын таң қалдырған Сабырхан Махмұдтың Азия чемпионатындағы жекпе-жегіне бүкіл жанкүйерлер ыстық ықыластарын білдірді. Жерлесіміз Сабырхан Махмұдтың болашағынан мол үміт күтіп отыр. Тіпті, бокстан ұлттық құраманың бас бапкерлері де Сабырханның техникалық жұдырықтасуы өте жоғары екендігін де айтады. Еліміздің мерейін асырып келген талантты боксшыларымыздың арасында Шымкент қаласының өкілі Мадина Нұршайова да бар. Жерлесіміз құрлық додасынан мол тәжірибе жинап келгенін айтып, еліміздің намысы үшін алдағы кезде де бар күш-жігерін көрсететінін жеткізді.

Бүгін Шымкент әуе жайынан шымкенттік боксшыларды қарсы алған бүкіл жерлестеріміз бен спорт мамандары еліміздің ең тәжірибелі бокс майталмандары ағайынды Сафиллуиндерге де құрмет көрсетті. Алда жауапты жарыстар күтіп тұр. Ол әлем чемпионаты мен олимпиада ойындары. Жерлестерімізге әрдайым жеңіс тілейміз.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: 20 КӨШЕ ОРТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Next Post

КЕЛЕС: АҚТӨБЕ ЖӘНЕ БІРЛЕСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ "ЗАҢ КЕРУЕНІ" АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі