13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КҮЗДІК МАУСЫМДА 120 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛЕДІ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КҮЗДІК МАУСЫМДА 120 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында күннен-күнге көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп келеді. 2022 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша 120 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Оның ішінде мыңнан астамы жеміс ағашы болады. Қазіргі таңда Түркістандағы көгал аумағы 2,5 млн. шаршы метрге жетті. 70 мың шаршы метрге түрлі гүлдер егілген. Ал ағаш 700 мың түпке жеткен.

Күздік маусымда «Отырар» ықшамауданына – 29 мың, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында және жаңа қалада 32 мың, әуежай жолы бойына – 13 мыңнан астам көшет егіледі деп көзделуде. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылы, «Денсаулық» саябағы, Шекті Тілеу, Баялиев, «Фараб» кітапханасының маңайы мен Кентау тас жолы, Майкотов және айналма жол бойын көгалдандыру қолға алынады.

Қаланы көгалдандыру бойынша Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан да қолдау көрсетілуде. Қалада егілген ағаштардың басым бөлігін қысқа қарағаш, айлант, ірі жапырақты қарағаш, үйеңкі, ясень, тұт ағашы, форзиция, аморфа, богрянник, қарағай, айва, сириялық раушан, сирень, боз арша, акация, софора, форзиция, алма, терек және өзге де ағаштар құрайды.
Еске сала кетейік, облыс орталығында абаттандыру шаралары жүйелі жалғасуда. Ең бастысы, демалыс орындары халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін айтты. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды міндеттеген болатын. Көгалдандыруға ерекше назар аударылатынын айтқан өңір басшысы жұмыстың сапасына айрықша назар аударуды ескерткен еді.

Облыс орталығында абаттандыру шаралары жүйелі жалғасуда. Ең бастысы, демалыс орындары халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін айтты. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды міндеттеді. Көгалдандыруға ерекше назар аударылатынын айтқан өңір басшысы жұмыстың сапасына айрықша назар аударуды ескертті.

Previous Post

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУ ШАРАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі