Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде сайлау учаскелерінің төрағалары мен комиссия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Әрбір сайлау учаскесінде жұмыс басталғанға дейінгі кемінде он күн ішінде сайлау учаскесі орналасқан объект басшысының бұйрығымен өртке қарсы тиісті режим белгіленеді. Осы Қағидалардың ережелерін орындау қамтамасыз етіледі. Оның ішінде:
Сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының, жарықтандыру және қуат желілерінің, түтінге қарсы желдеткіш пен өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Сондай-ақ акт дайындалып, қажетті тексерістер жүргізіледі. Барлық ақау сайлау учаскесінің жұмысы басталғанға дейін жойылады. Анықталған кемшіліктерді жою нәтижелері бойынша немесе олар болмаған жағдайда сайлау учаскесінің дайын екендігі туралы акт дайындалады (актілер сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты адамда сақталады);Жиын барысында бөлімнің аға анықтаушысы азаматтық қорғау майоры А.Қалдықара баяндама жасап, сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлау өтетін орындарда сайлау өту кезеңінде, төменде көрсетілген өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Атап айтқанда:
— сайлау учаскесіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар және эвакуациялау жоспарларымен қамтамасыз ету;
— өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлға бекіту;
— өртке қарсы қызметті шақыру үшін телефон байланысының, сондай-ақ шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары бар тақтайшалар «101», «102» нөмірлерін ілу;
— эвакуациялық шығу жолдарының қажетті санын белгілеу;
— эвакуациялау жолдарын жиһазбен, жабдықтармен және басқа да заттармен үйіп тастауға жол бермеу;
— эвакуациялық шығу есіктерінде іштен кілтсіз ілмектерді еркін ашу мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
— адамдар жаппай болатын үй-жайларда кілемдерді, кілем жолдарын және еденнің басқа да жабындарын еденге сенімді етіп бекіту;
— сайлау учаскелерін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және автоматты өрт сигнализациясының жұмыс қабілеттілігін тексеруден өткізу;
— сайлау өткізу кезеңінде бөгде адамдарды үй-жайларға, оның ішінде шатырларға, кіруіне шектеу қою.
Әрбір учаскеге орта, аға басшы және анағұрлым дайындалған сержанттық құрамнан қызметкерлер бекітілген. Бұған қоса сайлау учаскелерінде әртүрлі төтенше жағдайлардың пайда болу немесе жою қаупіне жедел ден қою үшін ТЖД жедел штаб құрылады.