13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ХАНТАҒЫДА ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ САЛЫНБАҚ

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: ХАНТАҒЫДА ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ САЛЫНБАҚ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында шығармашылық үйін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс барысын аралады. Балалардың шығармашылығын шыңдайтын нысан талапқа сай болу керектігін атап, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталу жоспарланған. Бүгінгі таңда шатыры жабылды. Ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктерін әрлеу жұмыстары атқарылуда. Шығармашылық оқушылар үйі пайдалануға берілген кезде вокал, робототехника, сурет салу, қол өнер секілді үйірмелер жұмыс жасамақ. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Хантағы ауылында заманауи екі спорт залы бой көтеріп, пайдалануға берілген.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, басым бөлігінде жұмыс жүріп жатыр. Алты мыңнан астам тұрғыны бар ауылда екі мектеп бар. Бұған дейін білім беру мекемелерінің оқушылары мектеп ішіндегі стандартқа сай келмейтін залда дене шынықтыру сабағын өтіп келген. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауыл мектептеріне қолдау күшейтіліп, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалып отыр.
Кентау қаласының көшелерін жарықтандыру және қайта жаңғырту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Сметалық құжаттамаға сәйкес, 85 көшеге 1 070 дана жарықшам орнатылды. Қосымша биыл жыл соңына дейін 200 дана жарық бағанасын орнату жоспарланған. Нәтижесінде Кентау қаласының көшелерінің 90%-ы жарықтандырылады.

Сондай-ақ шаһарда жалпы ішкі жолдар 268 көшені, яғни 173,5 шақырымды құрайды, оның ішінде, асфальтты 175 көше (77,3%), қиыршық тасты 88 көше (19%) және топырақты 5 көше (3,7%) бар. Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді. Бұл — облыста ең үздік көрсеткіштің бірі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Мемлекеттік жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жоспарланған.
Айта кетейік, Кентауда 103 мыңнан аса халық тұрады. Қалаға қарасты 4 ауыл бар.

Previous Post

КЕНТАУ: АНАЛАРҒА АЛТЫН АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ

Next Post

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі