13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: АНАЛАРҒА АЛТЫН АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: АНАЛАРҒА АЛТЫН АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналарды қабылдап, құрмет көрсетті. Аналар алдында сөз алған қала басшысы аналардың өмірдегі рөлі мен жас ұрпақ тәрбиелеуде жасаған еңбектеріне құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.

Бүгінде Кентау қаласында 3940 көп балалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 459 болса, «Күміс алқа» иегерлері – 966-ны құрайды. Ал, «Ана даңқы» 1,2 дәрежелі – 60, «Батыр ана» — 31.
Айта кетейік, бүгінгі салтанатты шарада 15 ана ҚР Президентінің жарлығымен тағайындалған төсбелгімен марапатталды. «Күміс алқа» наградасы өмірге 6 бала әкелген аналарға берілсе, 7 баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа» иегері атанады.«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

«Күміс алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленеді».

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжаймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.
«Күміс алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленеді».

Еске салсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алу тәртібін жеңілдеткен болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында 2019 жылдан бастап жәрдемақы тағайындау қызметін проактивті форматта алуға мүмкіндік берілді. Әйелдер кезекте тұрмайды, мемлекеттік қызметті өзіне ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады.

Previous Post

КЕНТАУ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

Next Post

КЕНТАУ: ХАНТАҒЫДА ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ САЛЫНБАҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі