Кентауда аз қамтылған 1587 отбасы, 8345 адамға 615,9 млн. теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 157 адам жұмыспен қамтылды.
Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 19 қыркүйекте әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрылды.
Қалада 5470 мүгедектігі бар азаматтар тұрады (қала халқының 5,5%). Оның ішінде І топ- 355, ІІ топ- 2789, ІІІ топ- 2143 адам, мүгедектігі бар балалар саны – 183.
— экономикалық белсенді халық саны- 39,8 мың адам,
— жұмыспен қамтылғаны-3,7 мыңадам;
— жалдамалы жұмысшы- 19,3 мың адам;
— өзін-өзі жұмыспен қамтығаны- 18,4 мың адам.
— Жұмыссыздық деңгейі-5,2% құрады.
«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5034 адам қамтылды. Оның ішінде:
— 30 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға жолданды (жоспар 30);
— 182 адамға мемлекеттік грант ұсынылды (жоспар 173);
— 1912 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды;
— 1764 уақытша жұмыс орнымен қамтамасыз етілді (215 адам– әлеуметтік жұмыс орындары; 320 – жастар практикасы; 1193 – ақылы қоғамдық жұмыс, 36 – алғашқы жұмыс орындары).
10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу бойынша 572 жоспар бекітіліп, 804 жаңа жұмыс орны құрылды. Жоспар 140% орындалды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 10 инфрақұрылымдық жоба бойынша 127 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 118 жұмыс орындары құрылып (жоспар 93% орындалды), міндетті зейнетақы аударымдары 61%-ға аударылды.
Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қажеттіліктің 95% қамтылды (2643). Жыл соңына дейін 97% қамту жоспарлануда.
— Сурдотехникалық құралдарға өтініш 59 қамтылды 59 (орындалуы 100%);
— Тифлотехникалық құралдарға өтініш 205, қамтылды 203 (орындалуы 99%);
— Қоларбаға өтініш 105, қамтылды 103 (орындалуы 95,2%);
— Санаторлы-курорттық емделуге өтініш 364, қамтылды 313 (орындалуы 86%);
— Жеке көмекшіге өтініш 188, қамтылды 187 (орындалуы 99,5%);
— Протездік-ортопедиялық құралдарға өтініш 375, қамтылды 322 (орындалуы 85,9%);
— Ымдау тілі маманына өтініш 89, қамтылды 89 (орындалуы 100%);
— Міндетті гигиеналық құралдарға өтініш 1392, қамтылды 1370 (орындалуы 98,4%);