13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Жоспарлы жұмыстар 2025 жылға дейін, әр жылдың көктем, күз айларында жүзеге асыру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру үшін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырма жүктеді.

Ең алдымен көшеттердің түрі, климаттық жағдайға төзімділігін және суландыру жүйесімен қамту шараларын нақтылауды тапсырған аудан басшысы егілген көшеттерді күтіп баптайтын бағбан мәселесін де нақты шешу керектігін атап өтті.

— Бүгінге дейін көгалдандыру мақсатында біршама жобалар жүзеге асырылды. Дегенмен бұл шаралардың нәтижелі болуына жергілікті тұрғындар да атсалысуы тиіс. Тұрғындар арасында қоршаған ортаны тазалығы, күтіп баптауы секілді мәдениетті қалыптастыруымыз керек, — деді аудан басшысы.

Көгалдандыру жұмыстарына әрбір мемлекеттік, кәсіпкерлік нысандар да атсалысады. Соның ішінде аудан орталығын көгалдандыру мақсатында көшеттердің түрі мен саны, суғару жүйесі, сынды қажетті заттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сызбалары дайындалды.

Еске салсақ, Келес ауданының тұрғындары көгалдандыру жұмыстарына атсалысып бастап еді. Келестіктер аудан орталығы Абай ауылында «Гүлдене бер, туған ел!» атты акциясын жүргізген болатын. Мұнда бір күнде бір мыңға жуық көшет егілді. Оған қоса, ауыл әкімдігі санитарлық тазалықты сақтауда тұрақты түрде сенбіліктер өткізуде.

Әкімдіктің жоспарын ауыл билері де қолдаған болатын. Ақсақалдар әр отбасы 10 түп көшет отырғызатынын айтқан еді. Қариялар тазалыққа немқұрайлы қарайтын аулалардың суретін көпшілікке көрсетіп, мәселені шешу жолдарын қарастыруға да уағдаласып еді.Айта өтсек, көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылған тұрғындар үй іргелерін тазалап, ағаштар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Шара барысында жергілікті халық ауыл іргесіндегі мазараттың айналасына шырша ағашын отырғызған еді.

Previous Post

АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ: КӨРШІ ЕЛДІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІН КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚОЛДАНАМЫЗ

Next Post

КЕНТАУДА КӘРІЗ НАСОС СТАНЦИЯСЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі