13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ: КӨРШІ ЕЛДІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІН КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚОЛДАНАМЫЗ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ: КӨРШІ ЕЛДІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІН КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚОЛДАНАМЫЗ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бастаған делегацияның Өзбекстан Республикасына жасаған іссапары жалғасуда. Аудан басшысы бастап барған топ көрші елдің Наманган облысының Наманган ауданында орналасқан «Ботыржон Исаев» фермер қожалығында болып, шаруаның атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. 108 гектар аумақты алып жатқан фермер қожалығында сыйымдылығы 400 тоналық қойма жұмыс істеуде екен. Сонымен қатар мақта, бидай, анар және жүзім өнімдерін егіп, шаруа жер ананың мүмкіндіктерін толықтай пайдалануда.

— Осы шаруаның жұмысын Келес ауданында жүзеге асыруға толық мүмкіндік пен жағдай бар. Ауданымыздың климаттық мүмкіндіктері ауылшаруашылығы саласына бейім келгенін ұтымды пайдалануымыз керек. Жасыратыны жоқ, кей шаруаларымыз жерді артығымен алып пайдаланбай жатқандарын анықтаудамыз. Сол азаматтарға көрші елдің шаруалары атқарып жатқан жұмыстарды насихаттап, мүмкіндіктерін аңғартуымыз керек. Міне көзбен көріп, кішкентай ғана жердің мүмкіндігін толықтай пайдаланып, ішкі нарықты толықтай өніммен қамтып отыр, — дейді Келес ауданының әкімі А.Есбаев.

Келестік делегацияның жұмыс сапары Ферғана облысындағы Алтыарық ауданындағы «Хайрулла Бохрам» фермер қожалығының жұмыстарын көрумен жалғасты. «Хайрулла Бохрам» фермер қожалығы 8 гектар аумаққа жүзім егіп, оны сақтауға арналған сыйымдылығы 360 тоннаны құрайтын қойманың және мал бордақылау алаңының технологияларымен танысты. Осыдан төрт жыл бұрын қайта құрылған Келес ауданының әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл жұмыс жаңа қарқынмен жалғасады.

болса осыған дейін облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласын Келес ауданының брендіне айналдыруға болатынын айтып еді. Өйткені мұнда егін, мал шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Осында өстік, бала кезде таңғы 7-ден бастап малға су беріп, қораны тазалап, бақшамызда түрлі дақылдар егіп өстік. Бір жылда 2-3 өнім алынатын. Осы үрдіс жалғасуы тиіс. Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты жобаларды толық қолдаймын. Ордабасы ауданында ірі мал шаруашылығы кешенін ашуды жоспарлап отырмыз. Келесте де салуға болады. Мал шаруашылығымен айналысатын 25 шаруа қожалығы мен кәсіпорындардың тізімі бекітіліп, Өзбекстан Республикасына ет экспорттауға рұқсат алынды. Келестік шаруаларды да осы тізімге қосып, ет экспортын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Спорт кешенін, Оқушылар сарайын, кітапхана салу мәселесін де қарастырамыз. Бұл аймақтың мәселелерін жақсы білемін. Жалпы өңір тұрғындарының 80 пайызға жуығы ауыл-аймақтарда тұрады. Сондықтан енді аудандарға қолдау күшейтіледі, – деген Дархан Сатыбалды Келес өзеніндегі заңсыз карьер қазушылардың жұмысын тоқтату, синтетикалық дәріге қарсы күресті күшейту жөнінде жауаптыларға тапсырма берді. Сарыағаш пен Келес ауданындағы қордаланған мәселелер бойынша арнайы жиналыс өткізіп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Previous Post

КЕЛЕС: ЖҮЗІМДІКТЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРЫП, ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ МАЛ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРІ КЕҢЕЙДІ

Next Post

КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі