Кентау қаласы, Сейфуллин көшесінде орналасқан кәріз насос станциясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Жандос Тасов аталған жұмыстар барысын аралап, жаңартылған құрылғылардың сапалығын тексерді.
Бүгінгі таңда, жалпы алаңы 6,23 га жер тегістеліп, сүзгі карталары орналастырған. 4-дана жоғарғы дебетті 250 кВт сорғылар ауыстырылып, 1-дана сүзгі орнатылуда.
Осы күнге дейін, қаладағы кәріз жүйесіне 4100 м2 бөгеттер жасалынды. 13-қайта толтырылып жабылған сүзгі карталары және 1228 м кәріз құбырларын орнату жұмыстары жүргізілген. Жалпы, Кентау қаласында 14781 абонент көріз жүйесін қолданады.
Айта кетсек, Кентау қаласындағы кәріз жүйесінде осы сәтке дейін мәселелер туындап, тұрғындар тарапынан шағымдар айтылып келген. Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасымен, 1984 жылы қолдануға берілген «Кәріз сорғы станциясында» құрылғыларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы сәтке дейін жөндеу жұмысын көрмеген станцияның 4 сорғысы жаңаланып, ішіндегі қажетті құрылғылары ауыстырылды.
Қаладағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі он көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына жақын орналасқан кәріз жүйесінен шыққан сулардың картасы тұрғындарды мазалап келген. Жағымсыз иістен тұрғындар келеңсіз жағдайларға түсіп келген болатын. Жоғарыдағы жұмыстардың нәтижесінде сулар жиналған 4 картасы жойылып, 5-ші картасын жою шаралары атқарылуда. Карталарды көму жұмыстары аяқталған соң, сол жерден 800м/500 дм екі қатарлы құбыр жүргізілмек.
Бүгінгі таңда, тұрғындар жағымсыз иістн арылды. Жалпы, Кентау қаласында кәріз жүйесін қолданушы 15 800 абонент бар. Иә, Ауыз су және кәріз жүйесімен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері де күн тәртібінде тұр. Кентау қаласындағы ауыз су құбырының жалпы ұзындығы — 469 шақырым. Кәріз жүйесі — 100 шақырымға жуық.