13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҮШ ЖЫЛДАН СОҢ КИЕЛІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҮШ ЖЫЛДАН СОҢ КИЕЛІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аудан, қалалардың елдімекендеріндегі инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілуде. Солардың бірі ретінде Түркістан қаласында ауыз су жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ.

Жалпы, аудан орталығы саналатын Түркістан қаласы аумағында 38 220 абонент бар. Оның ішінде ауыз сумен 37 655 абонент қамтамасыз етілген.2021 жылы су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік – іскерлік орталығы) арқылы 56 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде. Оның қамту көрсеткіші 82,5 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 98,5 пайызға жетеді деп жоспарланған. Келер жылы тағы 4-нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атап айтар болсақ, олар: Мақтазауыт,1-2 мөлтек аудандар, Яссы-Шауғар мен жаңадан қоныстанған аумақтар. Соның нәтижесінде 9461 абонентке жаңа ауыз желісі тартылады және 2023 жылы қаланы ауыз сумен қамту толықтай қамтамасыз етілетін болады.

Реті келгенде айта кетейік, Түркістан қаласы орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2 пайыз (12 297 абонент) қамтылған. Өткен жылы жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста.

Биыл жалпы 14 жоба іске асырылады деп жоспарланған. Қазір 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 3 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның тиісті құжаттары әзірленуде. Осындай шаралар жүзеге асырылған жағдайда биыл қалада кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9 пайызға жететін болады деп күтілуде. «2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш 80 пайызға көтерілетін болады», — дейді сала жауаптылары.

Previous Post

Түркістанда биыл 100-ге жуық жаңа аялдама орнату шарасы жоспарланған

Next Post

Түркістан: Ұлттық жоба шеңберінде 2016-2022 жылдары 19 жоба іске қосылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі