13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда биыл 100-ге жуық жаңа аялдама орнату шарасы жоспарланған

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда биыл 100-ге жуық жаңа аялдама орнату шарасы жоспарланған
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығы аталғаннан бері Түркістанның дамуы мен өркендеуі көз ілестірместей алға басып келеді. Гүлдену мен түрленудің жаңа үлгісін көрсетіп-ақ жатыр. Жыл сайын, тіпті ай сайын таңғалдырудан танған емес. Міне, осындай көз ілестірмес жылдамдықта ілгері өркендеу көп дүниеге деген қажеттілікті, сосын сұранысты, енді бір сөзбен талапты ауырлатады.

Киелі шаһардың жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 220 мыңға жуықтады.

— Қалада қажетті аялдамалардың саны – 456. Осы 2022 жылы 100-ге жуық жаңа аялдама тұрғызу жоспарланған. Соның ішінде Яссы секторына, яғни Кентау тас жолының оң қанатындағы алқапта аялдама тұрғызу жұмыстарын өткен жылы бастап жүргізгенбіз. Әлі салынып біткен жоқ. Бар болғаны сүйегі ғана тұрғызылды. Ондағы басты себеп, бұл басшылықтың бастамасымен қолда бар артық материалдардың қалдықтары арқылы халыққа пайдалы аялдама салу бастамасымен қолға алынған жұмыс болатын. Анықтап айтқанда мемлекеттік бюджеттен ешқандай да қаржы қарастырылмаған. Тіпті қандай да бір мердігер мекеме тапсырыс орындап жатқан жоқ. Сонымен қатар, осы төңіректегі жол жиектеріне аялдама белгілерін орнаттық. Ол жерге жоғарыда айтқан жүзге жуық аялдама есебінен аялдама тұрғызу көзделген. Барлық аялдаманы орнату жұмыстары тамыз айына дейін аяқталады деп күтілуде» , – деді сала жауаптылары.

Атаулы жұмыстар легі мен нақты аялдамалар жайында ара қашықтығы, қоғамдық көліктің тоқтау нүктелері турасында сектор тұрғындарымен пікірлесіп, тіпті бірнеше рет түсіндіру жұмыстары да жүргізілген.
Өз кезегінде жол мәселесі, аяқ жол мәселесіде басты назарда! Мәселен Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебінің алдындағы көшеге Яссы секторына сарқынды су құбырын жүргізу барысында зақым келген болып, құзырлы органдардың пәрменімен мердігер мекемеге айыппұл салынған. Қайтып қалпына келтру жұмыстарын жүргізген. Ал, атаулы секторда осы жылы қоғамдық көлік жүретін барлық көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ауа райының қолайлы болуына байланысты халық игілігі жолында осы бір жоспарды барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру көзделген. Келесі аяқ жол мәселесі тиісті деңгейде жүзеге аспақ. Анықтап айтқанда барлық көшеге емес, әлеуметтік маңызы бар нысандар бар көшелерге ғана аяқ жол салу қарастырылған. Бұл жоспар бірінші жарты жылдықта толық орындалады деп межеленген.

Айта кетейік, жалпы қала 845 шақырымды 875 көшеден тұрады. Бүгінгі таңда, оның 316, 1 шақырымы асфальтті жол, 401,6 шақырым тас жол болса, топырақты жол – 127,3 шақырымды құрайды. Осы жылы ешқандай топырақ жол болмайды деп күтілуде. Ал, 2021 жылы 15,1 шақырым құрайтын 11 көшеге орташа жөндеуден өтсе, 158 шақырым құрайтын 185 көшеге тас төселген. Келесі қадам 2022 жылы 46,4 шақырым құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Сондай-ақ, осы жылы 29,63 шақырым құрайтын 26 көшеге аяқжол салу жоспарланып отыр. Соның ішінде Яссы шағын ауданында 27 көше бар болып, жалпы ұзындығы 31,97 км жерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Previous Post

Түркістан шаһарында бизнесті қолдау және туризм бағытындағы жұмыс қарқын алды

Next Post

ҮШ ЖЫЛДАН СОҢ КИЕЛІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі