Түркістан шаһарында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Соның бірі бизнесті қолдау және туризм бөлімінің жанды жұмысы десек болады. Шаһар дамуының ең маңызды бөлігі осы салалар екені белгілі. Бұл бағыттар бойынша қалада индустриалды аймақ қарқынды жұмыстар атқаруда.
Мәселен 2022 жылы жоспар бойынша 48 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба іске қосу жоспарланған. Бұл жобалардың біріншісі «Баянды Құрылыс» ЖШС деп аталып, ол 28 жұмыс орнын ашады деп жоспарланған. екіншісі «EuroBlock Production» болып, 20 жұмыс орнға шақталған. Үшіншісі «Оспан» ЖК деп аталып, 6 жұмыс орнға арналған. Бүгінгі таңда осылардың ішінде «Баянды Құрылыс» ЖШС мен «Оспан» ЖК құрылысын аяқтап қосу іске қосылып жалпы саны 37 жаңа жұмыс орындарын ашқан.
«EuroBlock Production» жобасы құрылыстарын аяқтап, тапсыру актісіні рәсімдеуде жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде Сонымен қатар, 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 3 млрд.теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алды және «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Оларды тарқатып айтар болсақ «Ali Construction Group» ЖШС –29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы. Сондай-ақ «TECHTRONIC STROY»ЖШС 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы. Келесі біреуі «Гүлзада»ЖК –20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.
Шаһардағы енді бір өркендеп жатқан сала Шағын және орта бизнес болып саналады. Бұл бойынша 2022 жылдың 8 айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 16052 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 15701 немесе 97,8 пайызды құраған. Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау, бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2021 жылдың 1 қараша айына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 18 жобаны қаржыландырылды. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 1 бағыты аясында 7 жоба, 52 жоба кепілдендірілген. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласынан қайтарымсыз грант алуға 35 азамат өз жобаларын қорғап нәтижесінде 6 адамның жобасы қаралымда. Жалпы алғанда «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 142 жаңа жұмыс орындары ашылып тұрақты жұмыспен қамтылған.
Алдағы уақытта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Ырыс» МҚҰ-ның Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілу жоспарланып отыр.