Сауран ауданының экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі сауда-саттық қызметі. Мәселен, есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 495,9 млн. теңгеге, яғни 100,2 пайызға орындалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша да бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінде ауданда жұмысшы топ құрылып, бірқатар азық-түлік дүкендері мен супермаркет иелеріне бағаларды және келісім-шарттарды реттеу қажеттілігі жөнінде жазбаша нұсқамалар берілді. Сауран ауданы әкімдігінің «кәсіпкерлік және туризм» бөлімі тарапынан азық-түлік тауарлардың бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді.Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша қаңтар-маусым айларында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15,0 млн.теңге, «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250,0 млн.теңге несие алған.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін, мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің іс-шара жоспары бекітілген. Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі және өңірлік «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасымен 12 ауылдық округтерді аралап ауданымызда кәсіпкер болуға ниетті немесе кәсіпкерлерге, бизнес үшін маңызды қаржылай қолдау болып табылатын «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025», шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру бағдарламалары бойынша түсіндірілген болатын.
Бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін кәсіпкерлерге арнайы бағыт-бағдар беріп отыратын «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы құрылған. Онда кәсіпкерлерге қаржы ұйымына дейін кеңестер беріп, жобаларды сүйемелдеу қызметі атқарылады.
Сондай-ақ, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыс орталығында орналасқан «Керуен сарай» туристік кешенінде Қазақстанның үздік тауары өңірлік көрме-байқауы болып өтті. Сауран ауданынан «Хабибулла-Ата», «SEM BRAND» ЖК, «DIVALUX ЖШС» жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпорындарымыз қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Сауран ауданының екі бірдей жиһаз өнеркәсібі үлкен нәтижеге қол жеткізіп, үздіктердің қатарынан табылды. «Қазақстанның үздік тауары» «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз «SEM BRAND» ЖК, «Қазақстанның үздік тауары» «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз «Хабибулла-Ата» ЖК марапатталды.
Бекітілген кешенді жоспарға сәйкес ауданымызға 2022 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 22,3 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. 2022 жылдың 6 айының қорытындысымен аталған жоспар 148,7 пайызға немесе 7,6 млрд теңгеге орындалды. Оның ішінде жаңадан ашылып жатқан мектеп, балабақша, спорт кешендері, дүкендер және де т.б құрылыс нысандарының есебінен 4 млрд 449,2 млн. теңгеге ауданы-мызға инвестиция тартылды.