13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУАЛАР ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУАЛАР ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына жақын орналасқан аудандардың тұрғындарына кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалған.Түркістан облысы бойынша «Түркістан Инвест» Инвестициялар және экспорт басқармасының қолдауымен өңірдегі ең белсенді инвестициялық жобалардың бірі – ауданы 11 гектарды құрайтын «Экоинвест» жылыжай кешені.Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында орналасқан «Экоинвест» ЖШС 2020 жылы іске қосылды. Жылыжай кешені 11 гектар аумақта жылына 1500 тонна қияр мен 2000 тонна қызанақ өндіреді. Жылыжайда қыста 150, жазда 250-ге жуық адам жұмыс істейді.«Экоинвест» ЖШС атқарушы директоры Мұрат Гелашвили алдағы уақытта кешенді кеңейтуді көздеп отыр. Жылыжай өнімдері елімізде өндіріліп, Ресейге экспортталып, бүгінде жоғары сұранысқа ие.Поляк инвесторларының қаражатына салынған кешеннің инвестициялық құны 6 800 миллион теңгені құрайды.

Иә, Түркістан облысы, Сайрам ауданында жылыжайлар саны артып келеді. Жуырда Әйтеке би елді мекенінде аумағы 3 гектар болатын жылыжай жылыжай құрылысы басталды. Нысанның инфрақұрылым жүйелері шешімін тапқан.Жоба «Агро кредиттік корпорация» АҚ-ның несиелік қаржысы есебінен 1,3 млрд. теңге көлемінде қаржы алынған. Агроөнеркәсіптік кешеннің басшысы Н.Шәріпбектің айтуынша, жылыжайда 500 тоннаға жуық қызанақ өсірілмек. Серіктестікте 30 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің айтуынша, ауданда ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жобалар іске асады. Жылыжай шаруашылығы қарқын алуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 52,9 гектар көлемінде 110-ға жуық жылыжай бар. Жаңа жылыжайлардың бірі Қарамұрт ауылдық округінде салынып жатыр.Құрылыс жұмыстарын бастаған «Зәуре» шаруа қожалығының басшысы Жәния Ашықбаеваның мәлімдеуінше, жобаның құны 2 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді іске қосу үшін жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен 80 млн. теңге жұмсалған. Сонымен қатар «Агро кредиттік корпорация» АҚ тарапынан 2,1 млрд. теңгеге қаржыландырылған.

Кәсіпкер жылыжайдың әр гектарынан 400 тонна өнім алуды көздеп отыр. Жалпы жылына 2400 тоннаға дейін көкөніс алу мүмкіндігі бар. Жылыжайға көкөніс өнімдерінен қызанақ және қияр егіледі. Тамшылатып суғару әдісі қолданылады.

Аталған жылыжайдың құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 60%-ға аяқталған. Түркиядан қажетті құрал-жабдықтар жеткізілген. Инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған.

Previous Post

Кентау: "Дін ғылымның атасы” атты кездесу өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІМ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі