Кентау қалалық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімділік – қорғаның» интеллектуалды ойыны өткізілді.Сайысқа полиция қызметкерлері арасынан құрылған топтар бақ сынады. Интеллектуалды ойынның негізі құқық қорғау қызметкерлерінің білімділіктерін өзге де бағыттарда ойларын сергіту.
Сайысқа белсене қатысқан топтар өздерінің білімдерімен тартысты ойынды көрсетті. Бүгінгі сайыста топ жарғандардың бірі болып «Тергеушілер» командасы бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, бірінші орынды «Полиция қыздары» иеленсе, тартысты ойынның екінші орнын «Жергілікті полиция» қызметкерлері жеңіп алды.
Айта кетсек, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды.
Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің тек мінездемесі, кәсіби біліктілігі ғана емес, сыртқы сымбаты да назарға алынған. Бізде полиция қызметкерінің жағымды имиджін қалыптастыру тұрғысында тыңғылықты жұмыс атқарылуда. Бұған қоса, кезекті өтетін аттестация бар. Бұл сынақтан сүрінбей өткендер ғана, халыққа қызмет етеді деген сөз. Әмбебап полицей кейде педагогтың да рөліне еніп кететін жағдайлар болады. Мәселен, жол ережесін бұзған жаяу жүргіншіге “Жолдың белгіленбеген жерінен өту өміріңізге қауіпті, сіз жол ережесін өрескел бұзып тұрсыз”, – деп ескерту жасайды. Қарсылық танытатындар болады. Ережемен таныстырып, ол өзінің ғана емес, қасындағы баласының да өмірін қатерге тігіп тұрғандығын баса айтады. Бүгін анасымен бірге жолдың кез келген жерінен кесіп өткен бала ертең көшеге жалғыз шыға қалса, тап солай анасының қателігін айнытпай қайталары сөзсіз. Міне, осыны тәртіп сақшылары асықпай дәлелдермен түсіндіріп айтып жатады. Мұның барлығы адамдардың қауіпсіздігі үшін атқарылатын жұмыс.
Ендеше ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз қызмет етіп жүрген барша әріптестеріміздің еңбектеріне толағай табыстар тілеймін. Еліміздің іргесі тыныш болып, көк туымыз тұғырында желбіресін!