13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС КЕНТІ МЕН МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС КЕНТІ МЕН МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түлкібас аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жанесен Марат Сүгірәліұлы Түлкібас кенті мен Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, көкейлерінде жүрген өтініш-ұсыныстарына құлақ асты.

Жоспарлы есептік кездесу барысында Марат Сүгірәліұлы Ел Президентінің Қазақстан Халқына арнаған соңғы Жолдауындағы айшықтап берген бес басым бағытты кеңінен тарқатып, басты құжатта айтылған көп жылдан бері шешімін таппай келген әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, аудан басшысының міндетін атқарушы аталған кент пен округ аумағында тұрғындар тарапынан өткен есептік кезеңдердегі көтерілген мәселелерді шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өткен жиын барысында жол, ағын су, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, үй кезегінде тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру, ұялы телефон операторларының байланысын күшейту, ескірген электр бағаналарын ауыстыру және банкомат орнату сынды мәселелер көтеріліп, алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.

Өткен есептік кездесулерде қос округтің тұрғындары тарапынан көтерілген келесі мәселелер алдағы жылдың бірінші жарты жылдығында іске асады.

Түлкібас кенті, П.Мырзалиев көшесіне орташа жөндеу және жарық шамдар орнату жұмыстары;
Мичурин ауылдық округі Көксағыз ауылы, Бірлік көшесін жарықтандыру және Қожамберді ауылы, Бастау және Битөре көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына көңіл бөлінген. Табиғаты ғажайып, ауасы шипалы өңірдің әлеуеті өте жоғары. Әсіресе туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жұмыс сапарында халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл ретте әрбір азамат өз саласы бойынша еңбек етуі тиіс. Жаңа бастамалар Түлкібас ауданының экономикалық дамуына тың серпін береді.

Бүгінде ауданның инфрақұрылымын арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл Еңбекші және Майлыкент ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 11 елді мекенде 32 жоба іске асырылуда. Амангелді, Абайыл және Таусағыз елді мекендерінде 3 мектептің құрылысы жүруде. Ал Кершетас елді мекенінде мектепті күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, жаңа мәдениет үйінің құрылысына қажетті қаржы қарастырылды. Ақбиік, Келтемашат, Рысқұл, Шұқырбұлақ елді мекендерінде 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІМ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ

Next Post

ТӨЛЕБИ: ВОЛЕЙБОЛДАН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі