13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау: «Дін ғылымның атасы” атты кездесу өтті

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентау: «Дін ғылымның атасы” атты кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Жасөспірімдерге дін туралы түсінік беру және оларды адамгершілікке баулу мақсатында Кентау қалалық орталық кітапханасының абонемент бөлімі мен Түркістан облыстық арнаулы кәсіптік колледжі кітапханашыларының бірігіп ұйымдастыруымен «Дін ғылымның атасы » — атты тақырыпта жоспарланған іс — шара өтті.
Іс шара барысында арнайы шақырылған Кентау қалалық орталық мешітінің наиб имамы , Дастан қари Османұлы Құрбанқұлов іс — шараға қатысушы жастарға қарата діннің маңызымен тәрбиелік үлгісі жайында айтты.
— «Дін — ұстай алсаң қасиетің ,
Ұстай алмасаң қасіретің» — деген Дастан қари :
Дін — дегеніміз жаратушы Алла Тағаланың заңдары мен ережелері , тәрбиенің қайнар көзі — деп сөзін сабақтады.
Олай дейтін себебіміз:
«Ата — анаңды құрметте , Алла тағаланың разылығы ата — ананың разылығында , туыстармен қарым қатынас жасауда үлкендерден үйреніңдер , ағайынға көмектесіңдер , ағайынмен жақсы болу , ағайындар арасында сүйіспеншілік , малда көбею және өмірде береке болып табылады» — деп дініміз адамдарды жақсылықта жарысуға үйретеді , сонымен бірге әр адамға білімін шыңдауға үндейді.
Ақыл құдайдан — десек , ақылды дамыту өзіңнен.
Білім ғылымға , ғылым жаңалыққа жол ашады.
Білім үйренудің басты міндеті тәрбиеден бастау алады.
«Ата — анаға баласы қаншалықты қымбат болса , тәрбие баласынан да қымбат» — дегенді даналарымыз бекер айтпаған.
Өкінішке қарай дініміздің заңдарын бұрмалап , «шариғат осы » — деп дінімізге , дәстүрімізге жат әрекеттерді тықпалап жүргендер жетерлік.
Ашық күнде адастырып , дәстүрімізден бездіретін ондай жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстауымыз керек.
Естеріңізде болсын , жат ағымдар әруақты сыйламайды , керісінше бірлігімізді қайшылап қидалап , ынтымағымызға сызат түсіреді.
Ислам діні шын мәнінде имандылықтың кілті.
Сөз басында айттық , дініміз ата — ананы құрметтеуге , туыспен тату болуға , үлкенге сый , кішіге ізет жасауға үйретеді — деп , сонымен бірге дінімізде «әрдайым көппен бірге бол , қажыр қайратыңды , үйренген біліміңді халқыңның пайдасына жұмса ! » — деп бұйырады — деген сипаттағы жеткіншектерге ой саларлық біршама маңызды мәселелерге тоқталған Дастан қари Ислам дініндегі басқа да түйіткіл жайттарды саралап өтті.
Іс — шара соңында қатысушылар естелік суреттерге түсті.

Previous Post

Білімге салынған инвестиция көрсеткіші бойынша Түркістан облысы үздік үштік қатарында

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУАЛАР ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі