13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау өнеркәсіптік қала. Сондықтан өндірісті өркендету үшін инвестиция тарту маңызды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалада шағын кәсіпті дамыту да маңызды шаруа.

Кентау қаласында халық саны құрамындағы 4 ауылдық округтің тұрғындарын қосқанда 103 мыңнан асады. Оның ішінде экономикалық белсенді азаматтар саны 40 мыңға жуық. Қазір қала аумағында жұмыссыздар тізімінде тұрғандар саны 2168 адам.

Жыл басында Кентауға 17,5 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қазір қала экономикасына салынатын қаржы көлемі 22,3 млрд.теңге болды. Жоспар 127% орындалды. Жыл басынан бері кеншілер қаласында 21,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша жоспар 157% орындалды.
Қазір Кентауда кәсіпкерлік саласы дамып келеді. Бүгінде қалада 5061 шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істеуде. Жыл басынан бері 600-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылған. 157 азамат әлеуметтік жұмыспен қамтылған.

Соңғы жылдары Кентау қаласында жол құрылысы қарқын алып көшені 70 пайыз жолы асфальтанған. Қалада 232 көпқабатты тұрғын үй құрылыстан өтіп, он көпқабатты үй тұрғындарға берілген. Ағымдағы жылы қалаға газ қосылып, этап бойынша үйлерге қосу жұмыстары атқарылуда. Қала көшелерін толықтай жарықтандыру жұмыстары атқарылуда.

Кентау өткен ғасырда Қазақстанның машина жасау, металл өңдеу, тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі болды. Мұнда аты Кеңес Одағына әйгілі экскаватор зауыты жұмыс істеді. Онда 4 мыңға жуық адам еңбек етті. 90-шы жылдары мұндағы зауыттар тоқтап, бұл жер қараусыз қалды. Тек осыдан екі жыл бұрын ғана Түркістан арнайы экономикалық аймағына кіріп, инвесторлар тартылды. Тіршілік қайтадан басталды. Биыл көктемде бетон шығаратын зауыт іске қосылып, қазір қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Бұдан бөлек, экономикалық аймақта кірпіш зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын биыл іске қосылды. Жылдық қуаттылығы 45 млн дана керамикалық кірпіш шығаруға қауқарлы. Жоба құны – 1 млрд 720 млн теңге. Мамандар алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5% өсетінін айтып отыр. Қазір мұнда 20-дан аса адам жұмыс істейді. Түркістан өңірін толықтай қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Кентау қаласы аумағында экономикалық аймақтан бөлек индустриалды аймақ та жұмыс істейді. Онда механикалық, керамикалық және кислород аппараттарын шығаратын 5 жоба жүзеге асырылған.
Мамандар Кентау қаласының инвестициялық тартымдылығы жоғары екенін айтып отыр. Ал инвестиция өндірісті өркендетеді, ал өндіріс қаланың экономикалық дамуына сеп болады. Бұдан бөлек, шаһарда шағын және орта бизнес жақсы дамыған. Халықтың жартысына жуығы осы салада еңбек етеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БАСТЫ НАЗАРДА

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГАЗ ДАТЧИГІ ОРНАТЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі