Түркістан облысында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық жұмыс істейді. Созақ ауданы Шолаққорған ауылында «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастаған. «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты жақында ғана пайдалануға берілген. Бұрын ауданда мұндай орталық болмаған. Жергілікті билік нысанға 36 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ішін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Мұның шарапатын қазір зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар көріп келеді. Өңірде әлеуметтік салаға аса мән берілген. Мұнда аталған орталықтардың артуы, ұлт денсаулығына да тигізер пайдасы мол дейді қарттар.
– Бұл маған өте тиімді болды. Күнде келемін бильярд, шахмат, үстел теннисін ойнаймыз. Орталықта қариялардың қимыл-қозғалысына пайдалы ойын түрлерінен бөлек, миды тынықтырып, тыныс жолдарын емдейтін тұзды және массаж бөлмесі де қарастырылған,-дейді зейнеткер Кеңес Сәрсен.
Мынау өкпе жолдарына көп пайдасы бар сияқты. Бірінші рет келіп, емін қабылдап жатырмын. Өзіме ұнап жатыр. Сондай-ақ мұнда мүгедектер мен олардың отбасына психологиялық көмек көрсетіп, жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін білікті мамандар бар. Азаматтар тұрмыстық және әлеуметтік дағдылар мен қатар техникалық құралдарды пайдалануды да үйренеді,-деді Базарбай Тоқпаев, бірінші топтағы мүгедек Базарбай Тоқпаев.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорының айтуынша, бұл орталықта барлығы 17 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде оны маман. Яғни, психолог, заңгер, әлеуметтік екі маман бар. Оның бірі зейнеткерлерге, екіншісі мүгедектерге әлеуметтік кеңес береді. Мұнда келушілер салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын түзейді.
Мамандардың айтуынша, орталыққа күніне 30-ға жуық адам келіп, әлеуметтік қызметтерді пайдаланады. Барлығы да ел игілігі үшін жасалып жатқан жоба. Алдағы уақытта өңірде әлеуметтік саладағы жұмыс қарқыны күшейтілетін болады.