13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында медицина саласы дамып келеді

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында медицина саласы дамып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында медцина саласы дамып келеді. Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты Созақ аудандық орталық ауруханасы теріскейдің 58 мың тұрғынына дәрігерлік көмек көрсетіп келеді. Атап, айтқанда, медициналық ұйым құрамында 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 бастапқы санитарлық медициналық ұйым, 9 дәрігерлік амбулатория, 9 ауылдық аурухана, 4 фелдшерлік-акушерлік тірек, 13 медициналық тірек халыққа қызмет етеді. Аудандық аурухана 254 төсек орынға арналған болса, тиісті мамандармен қамтамасыз етілген аудандық емхана ауысымына 500 пациент қабылдауға қауқарлы.
Жалпы алғанда Созақ ауданында денсаулық сақтау саласында 900-ге жуық маман жұмыс істейді. Оның 124-і дәрігер, 500-ге жуығы орта буын қызметкерлері.

Бір жақсысы Созақ ауданындағы емдеу мекемелерінің бәрі типтік ғимараттарда орналасқан. Жалпы 254 төсек орынға шақталған аудандық ауруханада босану, балалар, хирургия, терапия, гинекология бөлімшелері жұмыс жасайды. Бұдан басқа барлық ауруханаларда бар қабылдау бөлімі мен жансақтау бөлімшесі жұмыс істейді. Бірақ, материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттілігі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Бұл бағыттағы алғашқы әрекеттер нәижелерін беруде. Мұнда гематологиялық талдағыш, биохимиялық талдағыш, зәрталдағыш, қан мен электролиттердің қышқылды-сілтілі жай-күйін талдағыш аппараттарын алынған.

Мұндай лабораториялық анализаторлар қолжетімді болуы тиіс болса да бұған дейін аталған қондырғылардың болмауы себепті тұрғындар жолдамамен қажетті қызметтерді облыстағы басқа мекемелерге барып алып келген. Дәл осындай талдағыш медициналық аппараттар алдағы уақытта аудандық емханаға да орнатылмақ. Ең бастысы – Созаққа тегін жеткізілген, қайтарымсыз берілген медициналық қондырғыларды орнатушылар 7 жылдық келісімшарт негізінде күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын өз міндеттеріне алған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі