13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде «Адал кәсіп істеймін» деген кез-келген адамға мүмкіндік мол. «Жаңадан кәсіп ашамын» немесе «Кәсібімді кеңейтемін» дегендер үшін түрлі мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар әсчіресе Түркістан өңірінде нәтижесін көрсетуде.
Мемлекетке алақан жаймай-ақ қолдағы барымен кәсібін бастап, тың идеяларын жүзеге асырып, теңгені тиыннан құрап шағын кәсіптің өзінен толағай табыстарға жетуге болатынын дәлелдеп жүргендер аз емес. Солардың бірі – Жетісай ауданына қарасты Қазыбек би ауылдық округі, Қазыбек би ауылының тұрғындары Жамшид, Рашид Нартаевтар.

Осыдан 15 жыл бұрын көршілес Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған азаматтар кәсіптерін үйіргелік 3 соттық жер теліміне жылыжай салып бастаған. Гүл өсіру мен гүл сату ісін өркендетіп, табыстарын арттырып отырған жігіттер бүгінде жылыжай аумағын 15 сотыққа жеткізген.

Қарапайым ауыл тұрғындарының жылыжайында құмыраға отырғызылған гүлдің 20-дан астам түрі өсіріледі. Қарасаң көздің жауын алатын гүлдер негізінен Жетісай, Мақтаарал аудандарымен қатар Шымкент қаласының базарларында саудаланады екен. Бағасы да аса қымбат емес. Қалтаға қонымды. Сондықтан да тұтынушылары көп.

Сөздерінше жылыжай көмірмен жылытылады. Гүл деген нәзік келгендіктен жылыжай ішіндегі ауа температурасына аса мән беріледі екен. Мұндағы гүлдердің ерекшелігі сол – бәрі құмыраға отырғызылады. Яғни, бұл өсірілетін гүлдерді үй ішінде күтіп, баптауға да болады. Сұраныс та жаман емес. Жыл он екі айда үш-төрт реттен өнім алынады екен.

Қазірдің өзінде 10-ға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып, бір көктемде 6 млн теңге таза табыс тауып отырған ағайынды Нартаевтар түрлі салаттар әзірлеуді де қолға алған. Қырыққабат, қияр, қызанақ егу мен тұздау ісін де дұрыс жолға қойған. Бір қарағанда жылыжай ашып, гүл өсіруді аса қиын да іс емес дейтіндердің көзқарасымен жетісайлық гүл өсірушілер келіспейді.

«Алғашқы жылдары гүл өсіру ісіне күле қарап, мол табыс әкелетініне сенімсіздік білдіргендер аз болған жоқ. Алайда, мен жылдан жылға тәжірибе жинақтап, күтіп-баптау ісіне аса мән бердім. Ізденіс жоқ жерде ісің өрге баспайды. Сондықтан, күнделікті ізденіс мені осындай жетістікке жетеледі. Бүгінде Аллаға шүкір өзімнің сүйікті кәсібім бар. Айлық табысымыз бір әулетті асырауға жетеді» дейді жетісайлық гүл өсірушілер.
Табыстың көзін тауып, ерекше кәсіпті меңгерген ағайынды жігіттер үйіргелік жылыжайын үшке бөліп қойған. Біріншісінде тұқымнан көшет өсірсе, екіншісінде жер сіңдіреді. Үшінші бөлігінде дайын гүлдер ыдысқа жайғастырылып, сауда нүктелеріне жөнелтіліп отырады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН КӘСІП БАСТАҒАНДАР КӨП

Next Post

ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында медицина саласы дамып келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі